Мектеп жасына дейiнгi балалардын танымдык урдiсi
Автор: 221085 • Январь 11, 2019 • Доклад • 2,171 Слов (9 Страниц) • 1,011 Просмотры
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҮРДІСІ
Масалимова Эльмира Бидахметовна, Семей қаласы,
ЖШС «Ер-Тан 1» шағын орталығының педагог-психологы elmira_masalimova@mail.ru
Жобаның өзектілігі: Баланың жасы өскен сайын оның психикасы да өзгеріп отырады. Бала психикасының дамуы бір өсу кезеңінен екінші өсу кезеңіне өткенде бір қалыпта қалып қоймай, үздіксіз өзгеріп отырады. Бала өскен сайын ақылы мен санасы дамып, өзін қоршаған дүниенің сырын біле бастайды. Сондықтан жас психологиясы қоғамдық тұрмыс пен биологиялық факторлардың адамның психологиялық дамуына тигізетін әсерін ескере отырып, балалардың жасын ортақ ерекшеліктеріне қарай мынадай кезеңдерге бөледі: нәресте жасы (туылғаннан бір жасқа дейін); бөбек жасы (бір жастан үш жасқа дейін); мектепке дейінгі жас (үш жастан жеті жасқа дейігі); мектеп жасындағы балалардың өзінің даму сатылары бірнеше кезеңдерге бөлінеді: бастауыш мектеп жасы (жеті жастан он бір жасқа дейін); жасөспірім жас: 1. жеткіншек (он бір жастан он алты жасқа дейін); 2. ересек жас (он алты жастан он тоғыз жасқа дейін). Әрине, балаларды жас кезеңдеріне бұлай бөлу тек шамамен алынған. Бір жас кезеңі мен екінші жас кезеңінің арасында даму жағынан алшақтықтар болғанымен, мезгілдерді осылайша кезеңдерге бөлу бір жағынан дұрыс. Өйткені бір кезеңге жататын балалардың психикасының дамуы көбінесе шамалас келеді. [5; 10]
"Әдетте, жасты кезеңдерге бөлу мынадай деректерге сүйенеді: әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне бірдей тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән бәлендей ақыл-ой жағынан белгілі дәрежеге жетуі. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген. Азия мен Африканың кейбір елдерінде бала бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтерде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Осындай ғұрыптың бір жақсы жері бала осы мейрамды алдын ала күтіп, жұрттың алдында өзінің ептілігін керсету үшін әдейі даярланады".
Балалардың психикасының сау болуын ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ қам жеп, ойластырыпты. Бұны біз ұлттық психологиядағы балаға байланысты қамқорлық пен тәлім-тәрбиеден көре аламыз. Мысалы, өзіміздің қазақ халқының ұғымындағы жас кезеңдерінде қаншама мән, тағылым бар. Түрлі ғылыми деректерге сүйеніп айтар болсақ, қазақ халқының психологиялық ұғым-түсініктері бүгінгі психология, психофизиология ғылымдары талаптарынан алшақ болмағаны байқалады.
Бала психолгиясының әр жаста әртүрлі болып келуіне әлеуметтік ортаның недәуір ықпалы бар.Қазақ балаларының ертерек ес тоқтатып , етек жабуына сол кездегі ұлттық психология мен педагогиканың , әлеуметтік ортаның әсері болса керек. Қазақ халқының ұлттық психологиясы баланың жас кезеңдерін есепке ала отырып , оған көп мән беріп отырған.[14; 19]
Жобаның міндеті: Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау.
Жобаның мақсаты: Мектепке дейінгі балаларың таным үрдісінің даму ерекшеліктерін зерттеу.
Танымдық әрекет, арнайы ұйымдастырылған оқытудан құрылады, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту үдерісімен қоса өріледі. Ал оқу үдерісінде балалар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шәкірттердің дара мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген, әрі қарай қарапам ұйымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, тәрбиешінің көмегінің болуын қажет етеді, ал ғылым тұлғаралық қатынастарды көбіне қажет етпейді. Оқудың міндеті — табиғат, қоғамдық және психикалық үдерістердің даму зандылықтарын бала санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Бала қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. [9; 12;16;]
...