Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін эксперименталды зерттеу

Автор:   •  Март 27, 2019  •  Курсовая работа  •  14,112 Слов (57 Страниц)  •  989 Просмотры

Страница 1 из 57

АҢДАТПА

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін агрессияның психологиялық негіздерін зерттеу және оның түзету жүйесін құрастыру.

Зерттеу жұмыста агрессияның   ғылыми- теориялық негіздері  зерттеліп, талдау жасалынды; Жұмыстың екінші бөлімінде мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін агрессиялық себептері  эксперименталды дәләлденді.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы: мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін агрессияның психологиялық негіздерін анықтап көрсету.

 Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы бұл мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін агрессияның психологиялық негіздерін анықтап мұғалімдерге, психологтарға, ата-аналарға практикалық нұсқаулар кұрастыру .

АННОТАЦИЯ

Целью исследования дипломной работы является исследование особенностей агрессий у детей дошкольного возраста и психологические основы.

В первой главе раскрываются теоретико-методологические основы агресий. Во второй главе адаптированы психологические методики с целью выявления особенностй агрессий у детей дошкольного возраста.Основные теоретические выводы и обобщения, практические рекомендации, сделанные в работе, могут быть использованы в практической деятельности психолога по работе с детьми с агрессивными проявлениями. Также предлагается на практические упражнения и рекомендации для родителей и воспитателей.

АNNOTATION

The goal f the diploma work is studying the ways of improving interaction between parents and adolesctnts.

Main theoretical conclusions and generalizations, practical recommendations, made in the work, can be used in practical activity of school psychologist in the work with the family, in educational function of parents, the vole of the family in the success in learning, socialization, interaction between children and adults, and other children.      

Мазмұны

Кіріспе

8

Агрессияның психологиялық теориялық негізі

11

1.1 Агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық

       көзқарастары

11

1.2.Әлеуметтік норма - әлеуметтік реттеу мен бақылаудың  тұрақты элементі    

17

1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда

      болуы

30

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін

   эксперименталды зерттеу

34

2.1.Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық  әдістемелерді бейімдеу

34

2.2. Агрессивті балалармен, ата-аналармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту     жұмыстары                                   

47

2.3 Зерттеу нәтижелерін өңдеу

56

Қорытынды

60

Қолданылған әдебиеттер тізімі

61


Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді. Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. анықтауы бойынша агрессия - инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі. Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейгтер агрессияны - фрустрация әсері деп қарастырған. Гуманистік бағыт: (К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия - бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру - бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі. Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық - яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиялы даму жоспарында - бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған. Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді). Бұл бағытта психология саласында жұмыс жасаған көптеген отандық авторлар тізімі Г.А.Андеева, В.В.Знаков, Л.П.Колчина, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б. кездесті. .[1,2]  

...

Скачать:   txt (217.9 Kb)   pdf (571.7 Kb)   docx (115.1 Kb)  
Продолжить читать еще 56 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club