Оригами және квилинг әдістемесін мектеп жасына дейінгі балаларға үйрету жолдары
Автор: Aiym1991 • Декабрь 9, 2018 • Курсовая работа • 6,920 Слов (28 Страниц) • 2,068 Просмотры
Оригами және квилинг әдістемесін мектеп жасына дейінгі балаларға үйрету жолдары
Орындаған: Касымбаева Шынар Кусайновна
Бөлімі: сырттай
Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Тобы: 11
Ғылыми жетекшісі: Утепбаева А.А.
технология және оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы
Семей, 2018
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ...............................................................................................................3-4
I. КВИЛИНГ ЖӘНЕ ОРИГАМИ – ЖАПСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ
1.1. Жапсырмалау технологиясының теориялық негіздері..............................5-6
1.2. Жапсыру түрлері мен әдістері....................................................................7-8
1.3. Дәстүрден тыс жапсыру әдістері...............................................................9-10
II КВИЛИНГ ЖӘНЕ ОРИГАМИ ТЕХНИКАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1. Квиллинг және оригами техникасының шығу тарихы..........................11-12
2.2. Мектеп жасында дейінгі балалардың қол еңбегін дамытудағы оригамидің басымдылығы...................................................................................................13-15
2.3 Квиллинг техникасы – балалардың шығармашылығын
дамыту құралы..................................................................................................16-19
III ОРИГАМИ ЖӘНЕ КВИЛИНГ ӘДІСТЕМЕСІН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Оригами әдісі арқылы көбелек жасау әдістемесі...................................20-22
3.2. Квиллинг өнерімен гүл жасау жолдары..................................................23-27
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................28-29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................30-31
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының болжамы: Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Жас нәрестенің өзі әсемдікті ерте қабылдайды. Оның санасында жаңа қайталанбас ойдың тууына алып келеді. Барлығымыздың да балалық шағымызда суретші, мүсіншілер болғымыз келгені анық. Қабырғалар мен жарларға, ағаш, құм, топырақ беттеріне, әр түрлі шытырман суреттер бейнелегендіктеріміз есімізде. Бұл бейнелеуге деген әуесқойлық біртіндеп басылады, сурет өнеріне берілген көркем шығармашыл адамдар ғана жол таңдайды.
Қазіргі заманғы балабақшадағы мүмкіншіліктері шектелген оқу- тәрбие жүйесінде балалардың көркемдік тәрбиесі қалыс қалу мүмкін емес. Балалар бақшасындағы бейелеу өнерінің түрі, мектеп жасына дейінгі балалардың ең эмоционалды, қызықты әрекет түрі. Әр түрлі көркем жабдықтарды бейнелеу техникасына қолдану балалардың мүмкіндігіндіктерін кеңейтіп, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады. Қолдарына берілген түсті қарындаштар, фломастерлер мен акварель бояуларымен шимайлап суреттеген бала шаттық сезімде болады.
Біз, ересектер баланың бұл сезімі мен қуанышымен кей кезде бөліспейміз, тіптен баланың сызған шимақ-шатпақтарын көріп, қатты ренжиміз, ал суреттің бала тұлғасын қалыптастыруда зор маңызы бар екендігін ескермейміз. Бала үшін сурет салудың өзіндік пайдасы бар. Әсіресе суреттің баланың психологиялық процестерінің дамуына тигізер көмегі көп.Ол бала зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін жақсартуға, ойлап талдауға, салыстыра білуге, қиялдауға үйретеді. Ең бастысы бала тілінің дамуының –басты құралы. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда, ұсақ-қол моторикасының жетілуі ең басты орындағы –міндет.
Мектепке дейінгі ерте сәбилік шақтан бастап бала психологиясы дамытылса, тәрбиенің нәтижесі де соғұрлым нәтижесі де табысты болады.Көптеген ғалымдар сурет салу баланың сөйлеу және ойлау әрекетін дамытуға күшті ықпал ететінін айтады. Орыс педагогі К. Д. Ушинский өз заманында, сурет бала тілін дамытудың қуатты құралы: ол суреттен көргені туралы сұрақ қойып, өзінің алған әсерімен бөліседі,- деп жазған.
Зерттеудің мақсаты: Дәстүрлі емес әдіс арқылы мотивациялық қозғаушы күші болып балаларды бейнелеу өнеріне баулу.
...