Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері

Автор:   •  Апрель 9, 2018  •  Курсовая работа  •  31,485 Слов (126 Страниц)  •  1,296 Просмотры

Страница 1 из 126

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...................................................................................................3-6  

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА КӨМЕККЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ....

1.1Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері.....................................................................................................7-20

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара көмекке психологиялық даярлығы мәселесінің қарастырылуы...........................................................20-44

 2   МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА КӨМЕККЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ЭКCПEPИМEНТТIК ЗEPТТEУ.................................................................45-73

2.1Эксперименттің мақсаты, міндеттері, болжамы............................45-47  

2.2Зерттеу әдістемелерінің негізделуі ,зерттеу нәтижелерін талдау................................................................................................................50-73

          2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке, өзара көмекке психологиялық даярлығын қалыптастыруға арналған   ойындар мен жаттығулар

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................74-75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................76-78

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

      Қазақстан Республикасының  білім  беру  заңында  көрсетілгеніндей,  адамзат құндылықтарының, ғылым  мен тәжірибе  негізінде,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  қажетті  жағдайларды жасау -  білім  беру  жүйесінің негізгі  міндеті болып отыр.

           Әлеуметтік экономикалық  дамудың  қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие   жұмысының жаңару заманында  ағарту  саласының  білім  беру  буынында  шешуін күткен  келелі мәселелер тұр.

          Атап айтқанда,  ол балалардың  жеке  басын  дамыту,  психикалық дамуын,  даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын  анықтап, жан-жақты  зерттеу  негізінде  оқу-тәрбие жұмысын  балалардың  жақын арадағы  даму  аймағына  бағыттау.

           Балалар тәрбиесі, оқуы  және  дамуы   жайлы теория мен тәжірибе өзара көмек, яғни қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Диплом жұмысын жазу барысында ғылыми әдебиеттерді талдай келе, мектепке дейінгі балалардың өзара көмек ұғымының философиялық – антропологиялық, педагогикалық және психологиялық деңгейлерін бөліп алуға бағыт берді, « мектепке дейінгі балалардың өзара көмекке психологиялық дайындығы» ұғымының мәнін ашуға жол берді.  

Философиялық жұмыстарды талдау нәтижесінде екі негізгі ыңғай бөлініп алынды: 1) адамдардың өзара көмегі қоғамдық функция ретінде , яғни адам және қоғам, ондағы адамдардың бір-бірімен бірлесіп іс атқаруы қарастырылды (Платон, Ж.Ж.Руссо, П.А.Гольбах және т.б.); 2) өзара көмек адамдардың бір-біріне деген достық және аяушылық сезімдерінің көрсетуіне қатысты анықталады (Аристотель, Б.Спиноза, А.Шопенгауэр и басқалары.). 
           Шет елдік ғалымдардың зерттеулерінде адами өзара көмектің дамуы мен туындауының табиғатына сәйкес үш негізгі ыңғай бөлінді: 1) гуманистік ыңғай (К.Роджерс, Э.Фромм, А.Маслоу и т.б.), тұлғаның дамуына көмектесу , 2) бихевиористік ыңғай  (А.Бандура, Б.Скиннер, Дж.Уотсон и т.б.), өзара көмекті адамдарда альтруизмді тудыруға қозғаушы күш болатын, стимул ретінде қарастырады; 3) психоаналитикалық  ыңғай  (З.Фрейд, Дж.Фридмэн, Дж.Уоллес и др.), мұнда өзра көмек бір адамды басқалардың алдында кінәлі ретінде табуды көздейді.
          Кеңестік ғалымдардың мектепке дейінгі балалардың өзара көмек мәселесіне қатысты зерттеулерін талдай келе, үш негізгі ыңғайларын бөліп қарастыруға болады; 1) жеке тұлғалық--нормативті (Е.В.Субботский, П.М.Якобсон, С.Г.Якобсон және басқалары.),мұнда өзара көмек моральдық мөлшер тұрғысында қарастырылады; 2) жеке-эмоционалды ыңғай (А.В.Запорожец, Л.П.Стрелкова және басқалары.)  өзара көмек эмпатия процесі ретінде түсіндіріледі 3) ұжымшылдық ыңғай (В.В.Абраменкова, А.В.Петровский, В.А.Петровский және басқалары.), мұнда  мектеп жасына дейінгілердің өзара көмегі әркетелген эмоционалдық топтық идентификацияның нәтижесі ретінде қарастырылады.

...

Скачать:   txt (268.5 Kb)   pdf (676.4 Kb)   docx (101.7 Kb)  
Продолжить читать еще 125 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club