Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халық педагогикасы арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері

Автор:   •  Июнь 8, 2018  •  Реферат  •  9,213 Слов (37 Страниц)  •  1,458 Просмотры

Страница 1 из 37

Қазақ халық педагогикасы арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Отансүйгіштік  тәрбие  берудегі  қазақ  халық педагогикасының рөлі

1.2 Мектеп    жасына    дейінгі    балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы педагог ғалымдардың ой пікірлері  

2  МЕКТЕП    ЖАСЫНА   ДЕЙІНГІ   БАЛАЛАРҒА ОТАНСҮЙГІШТІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

2.1 Мектеп  жасына    дейінгі    балаларға  қазақ    халық педагогикасы арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің  әдіс-тәсілдері  

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

4

8

18

26

45

47

КІРІСПЕ

“Әрбiр ұлттың бала тарбия қылу туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиясы баяғыдан берi сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбияшы, сөз жоқ, ұлт тәрбиясымен таныс болуға тиiстi. Және әрбiр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшiн қызмет қылатын болғандықтан, тәрбияшы баланы сол ұлт тәрбиясымен тәрбия қылуға мiндеттi”.

М.Жұмабаев.

Зерттеудің өзектілігі: Бала тәрбиесі ол – ұлт тәрбиесі дегенді білдіреді. Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор көңіл бөлген. Баланы  рухани тәрбиелеу – заманауи мектеп қызметінің өзекті мәселелерінің бірі. Халық педагогикасы – халықтың жалпы рухани мәдениетінің құрамдас және ажырамас бөлігі, тәрбиенің бастауы болып табылады. Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды мектеп жасына дейін балабақшадан тек жақсылыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулып, тәбиесіне көңіл бөлу керек. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ел дамуының жарқын үлгісі туралы, болашақ тәрбиесі туралы тоқталып: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.»... және ...«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» делінген.

Ұлттық жаңғыру – ұлттық санамен тығыз байланысты. Әл-Фараби бабамыздың тәрбие туралы: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқандай тәбрие балабақшадан басталуы тиіс. Сондықтан, саналы ұрпақ қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиеден бастау алып, білім нәрімен сусындаған бала тәрбиесі қажет. Осы жерде Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» деген сөзі ойыма келді.  

Отансүйгіштік тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.

Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси -әлеуметтік құбылыс. Отансүйгіштік сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы да ең маңызды баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда.

...

Скачать:   txt (135.5 Kb)   pdf (658.5 Kb)   docx (62.1 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club