Мектеп жасына дейінгі жастағы баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы үлкендердің рөлі
Автор: gulmaral1991 • Май 3, 2018 • Лекция • 668 Слов (3 Страниц) • 8,026 Просмотры
Мектеп жасына дейінгі жастағы баланың күн тәртібін
ұйымдастырудағы үлкендердің рөлі
Күн тәртібінің маңызы. Күн тәртібі – балалар іс – әрекеті мен демалысының уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуын көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.
Тамақтану, ұйықтау, ойнау, оқу, серуендеу – күн тәртібінің мазмұнын құрайды және олар өз кезегімен қайталанып отырады. Күн тәртібіндегі балалар әрекетінің тұрақты жүйелілігі іс – әрекетінің бір түрінен екінші түріне ауысуды оңайлатады: тамақ ішетін уақыт болғанда балалардың қарыны ашып, тәбеті ашылатындықтан, тамақ жақсы сіңеді. Ұйықтайтын уақыт келгенде балалар жүйкесі оңай тежеліп, олар ұйқыға кетеді.
Күн тәртібінде қойылатын талап балалардың жасына қарай физиологиялық ерекшеліктерге, тәрбие міндеттеріне, жағдайға байланысты анықталап отырады.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру – күн тәртібіне қойылатын негізгі талап. Балаларда іскерлік пен дағдылардың қалыптасып үлгермегендеріне байланысты ұйқыға, киінуге, шешінуге және беті – қолын жууға берілетін уақыт сәби топтарда ұзағырақ. Ал ересек топтарда тұрмыстық әрекеттерді атқаруға уақыт жұмсалады да, ойынға және басқа іс – әрекеттерге уақыт көбірек жұмсалады.
Балалардың денсаулығын, психикалық даму дәрежесін ескеру де күн тәртібін орындауға талап. Денсаулығы нашар балалар, сырқаттан тұрғандар ұзақ ұйықтатаылады және таза ауада ұзақ серуендетіледі, тәрбиелік – білімділік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер енгізіледі.
Келесі талап - күн тәртібінің тұрақтылығы: уақытымен тамақтану, оқу, ойнау, ұйықтау. Ол күн тәртібіндегі кезегімен қайталанып отыратын құбылыстарға балалардың дағдылануына көмектеседі, балалар тәртіпке үйренеді. Күн тәртібінің бұзылуы балалардың денсаулығына және олардың мінез – құлқына теріс әсер етеді: олар қыңырлыққа салынуы, олардың арасында ұрыс – керіс болуы да мүмкін.
...