Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеуде ұлттык қимылдық ойындарды балабақшада пайдалану жолдары

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Курсовая работа  •  13,229 Слов (53 Страниц)  •  1,632 Просмотры

Страница 1 из 53

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

1 бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеуде ұлттық қимылдық ойындардың маңызы........................................................8

1.1Мектеп жасына дейінгі балаларға жалпы сипаттама.....................................8

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұжымшылдыққа тәрбиелеуде ұлттық қимылдардың ойындардың маңызы...................................................................12

Тұжырым................................................................................................................21

2 бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеуде ұлттык қимылдық ойындарды балабақшада пайдалану жолдары........

2.1 Бүгінгі Республика балабақшаларында ұлттық қимылдық ойындарды пайдалану тәжірибесі............................................................................................

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеуде ұлттық қимылдық ойындарды балабақша тәжірибелерінде пайдалану формалары мен әдістері....................................................................................................................

Тұжырым................................................................................................................

Қорытынды............................................................................................................Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Қосымшалар..........................................................................................................

                                               Кіріспе

        Зерттеудің   көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғалы ұлттық ұлттық мәдениетті қайта өркендету мәселесіне аса назар аударылып отыр. Мұны үкімет пен Білім министрлігінің осы сала бойынша қабылданған қаулы-қарарлары мен құжаттары, «Мәдени мұра » бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік іс-шаралар дәлелдейді. Ұлттық мәдениетің қыр-сырын келешек ұрпаққа меңгерту, міндетті түрде тәрбиенің маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын  фольлкор жанрының негізгі бір түрі – ойын фольклорын, оның ішінде ұлттық ойындарды қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Халық ойындары балаларды өмірге әзірлеп, олардың бойына ұлттық қасиеттерді – тілді, дінді, салт – сананы, әдет – ғұрыпты, әдетті жастайынан дарытып, оған қоршаған дүние туралы мағұлмат беріп, дүниенің қыры мен сырын танытатын, адамның ақыл – ой, қиялын қозғап, өрістететін, денесін жаттықтыратын, көңілін көтеріп, өмірге ынталандыратын бірден бір тәрбие құралы болып табылады, яғни халық ойындары халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып табылады

      Халық ойындарының бойына ұлттық тән қасиеттердің бәрі шоғырланған. Қазақ халқында өнегелі жақсылықтың нышандары үлгі болып, осы жерден тараған. Сондықтан, қазақ үшін халық ойындары, әрбір мереке, жиын – тойлар, үлгі – өнеге тәрбие мектебі болып есептелген. Сондықтан, ғасырлар бойы сұрыпталып, іріктеліп бізге жеткен халық ойындары халық педагогикасының мақсат, мүддесіне жарап қана қоймай, оның алдына қойған мақсатын нақтылап, ойлауды, қиялдауды батылдық пен шешімділікті, өжеттік пен өрлікті өз бойына сіңіріп өскен жастарды тәрбиелеуге негізделген, ақыл – оймен тума дарынның көңіл ашқан табиғи тәрбие құралы болып табылады.   Тәрбие мәселесінің негізін салып ұрпақ тәрбиесіне ұлан ғайыр мұра қалдырған шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашқари және тағы да басқа ұлы ғұламалар болды. Осы ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп бір жүйеге келтіріп, жас ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып отыр.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А. Покровский, А.И. Ивановский, Н.И. Гродеков, Е.А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф.Лазеревский, П.П. Пашин, Г.С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин,  А.Горячкин, П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов т.б. болды. Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Ойын серіктестікті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Халқымызда ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының түрі кең таралған.

...

Скачать:   txt (163.8 Kb)   pdf (428.3 Kb)   docx (60.3 Kb)  
Продолжить читать еще 52 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club