Мектеп жасына дейінгі бaлалaрдың балабақшаға бейімделуі бойынша жүргізілетін жұмыстaр
Автор: adambekova.m • Апрель 2, 2019 • Творческая работа • 897 Слов (4 Страниц) • 909 Просмотры
Мектеп жасына дейінгі бaлалaрдың балабақшаға бейімделуі бойынша жүргізілетін жұмыстaр
Адамбекова М.Ш.
№114 «Бақыт» балабақшасы КМҚК
Ерте бaлалық шaқ – қарқынды дaму кезеңі. Балaның осы кезеңде жинақтаған тәжірибесі көбінесе оның болашақ үлкен өмірін aйқындайды. Әрине, ата-aнадан басқа өз балaсын білетін және жақсы көретін жоқ шығар. Алайда, уақыты келгенде оған тек жақын адaмдарымен қарым-қатынас жасау жеткіліксіз болады: жаңа жаңа әсерлер, достар керек. Содан бала балабақшаға келеді. Балaға мектепке дейінгі мекемеде жайлы, жақсы болу үшін, бейімделу мәселесін кешенді түрде шешу керек. Мұндай жағдайда педагог-психологтың алатын ролі де маңызды.
Бейімделу түсінігінің астарында адамның жаңа ортаға енуі және оның жағдайына икемделуі жатыр. Бұл кезең – мектепке дейінгі балaның өміріндегі қиын кезеңдердің бірі және ол әртүрлі өтуі мүмкін.
Бейімделудің ұзақтығы мен сипаты баланың жас ерекшелігіне байланысты.
Баланың өмір сүру жағдайы қаншалықты өзгерсе, соншалықты ол бейімделу сипатына ықпал етеді: күн тәртібі,тамақтану ерекшеліктері және т.б. Бұл жағдайлардың бірден өзгеріске түскендегі эмоционалдық күйзелістің алдын алу мақсатында ата-аналарға баласы топқа келмей тұрып осы жас кезеңіндегі балалардың күн тәртібі, тамақтану сипаты және т.б.туралыайтылады, үйде де оындай жағдайды ұстанулары туралы өтініш жасалады.
Жаңа жағдайға үйрену жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне де байланысты. Кейбір балалар айғайлап жылайды, тамақтан, ойыншықтан бас тартады, алайда балабақшаға келген алғашқы күндері ғана оылай жасайды. Уақыты келгенде бала тынышталып, тамаққа тәбеті де ашылады. Мұндай қалыптағы бейімделу баланың балабақшаға қалыпты үйренуін айқындайды.
Басқа балалар сырт көзге салмақты болып көрінеді, ішкі қобалжуын білдіреді. Олардың өз инициативалары жоқ, аз сөйлейді, ойнамайды. Мұндай күйзелген эмоционалды жағдай ұзаққа созылуы мүмкін. Дәл оындай тыныш және назардан тыс қалған балаларға педагог-психолог бірінші кезекте көңіл бөлуі қажет. Мұндай балаларға көмек көрсету үшін маман олардың эмоционалдық ерекшеліктеріне бақылау жүргізеді.
Бейімделу – бұл нәтижесі жағымды, әрі жағымсыз болуы мүмкін үрдіс. Психологтар мен педагогтар сәтті бейімделуге қажеттілерді анықтайды, олар: ішкі жайлылық (эмоционалдық қанағаттану) және сыртқы адекватты мінез-құлық (ортаның талаптарын оңай әрі нақты орындау қабілеттілігі).
Баланың балабақшаға бейімделу мәселесін шешу бірнеше бағыттардан құралады.
Ата-аналармен жұмыс. Мұны шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең –алдын алу. Жұмыс көктемде жаңа оқу жылы басталмай тұрып басталады. Педагог-психолог болашақ тәрбиеленушінің ата-анасымен және баланың өзімен танысады. Бала туралы, отбасы, баланың балабақшаға келгенде жәрдем беретін тәрбие шарттары туралы алғашқы мәліметтерді жинақтайды. Ата-аналармен сауалнамалар жүргізеді, оның барысында «Бала балабақшаға келуге дайын ба?» екендігін талдайды.
Үлкендер балаларын балбақшаға бере отырып өз балалары үшін алаңдайды. Педагога-психологтың міндеті - оларды тыныштандырып, дайындық кезеңнің маңыздылығын ескерту. Ол балабақшамен танысу экскурсиясын өткізеді, топты, жатын бөлмелерін, ойыншықтарды көрсетеді.
Екінші кезең – таныстыру. Бірінші кезекте ата-анамен диалог негізінде өзара қарым- қатынасқа түседі. Педагог-психолог олармен жеке кеңестер беру кезінде кездеседі. Сұхбат барысында анамнез мәліметтері жинақталады, ата-аналар балабақшаға келген алғашқы күндегі әсерлерімен бөліседі. Осы кезде педагог-психолог бейімделу кезеңі қалай өтіп жатқандығы, балабақшаға келу баланың мінез-құлқына қалай әсер еткендігі жайлы хаттама толтырады.
Педагог-психолог ата-аналарды балалардың өз-өзіне қызмет көрсетуінің қалыптасуы туралы ақыл-кеңестер береді, балабақшада баланың дербестігінің дамуына жағдай жасалатындығы жайындаайтады.
Ата-аналар үшін ата-аналар бұрышында және ақпарттық стендтерде ақпараттар дайындалады: «Балабақшаға шақыру», «Мен балабақшаға барғым келеді», «Балалармен кімдер жұмыс жасайды», «Балалардың еркелігі», «Баланың дербестігі» және т.б.
Үшінші кезең – тәжірибелік кезеңде үлкендерді балабақшаның білім беру әрекетіне араластыру керек. Олар педагогикалық үрдістің бақылаушылары емес қатысушылары болуы тиіс. Балаларға балабақшаға келгеніне бір айтолғанда ата-аналармен танысу тренингін өткізіледі. Тренинг барысында ата-аналар өздерінің баланы балабақшаға апарған кездегі бастан кешірген күйзелістерімен бөліседі, көңіл күйлерін бағалайды, өзекті мәселелерді талқылайды, кейбіреулер білім туралы пікір алмасады. Топтың ата-аналар ұжымы бірігеді, ал бұл өз кезегінде ата -аналарға сенімді болуға, аз қобалжуға септігін тигізеді.
...