Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары

Автор:   •  Апрель 14, 2020  •  Курсовая работа  •  6,569 Слов (27 Страниц)  •  628 Просмотры

Страница 1 из 27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ  КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жолдары

Орындаған: Хамраева Динара

                                         

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………..............…….3

  1.    Экологиялық  білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері…………..5

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің  мәні мен мазмұны………………………………………………………………………………..8ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру әдістемесі

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға тіл дамыту пәні негізінде экологиялық тәрбие беру арқылы қабілетін дамыту…………….………………………………..13

2.2. Ұйымдастырылған іс-әрекетте экологиялық тәрбиенің негізінде шығармашылық қаблетін дамытудың мазмұны  мен әдістері……………………23

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..………...........32

        

КІРІСПЕ

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" атты өз халқына Жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Ол өзінің жолдауында: "Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-не себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады", - деді.

Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін, табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеуде қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері: Ш.Уәлиханов, А,Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев және т.б. еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов "Балаға ең қымбат, ең жақын нәрсе туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнын беріп, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді", - дейді.

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде басқа да ғалымдар мен педагогтар Ә.С.Бейсенова, Ә.Бірмағамбетов, К.Жүнісова, Н.С.Сарыбеков, Э.АТұрдықұлов, Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Сарманова, А.Ш.Икрамова, Н.Т.Торманов, Ж.Б.Шілдебаев тағы басқалардың еңбектерінің зор екендігін айтып өтеміз.

Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие негізінде ұлтжандылыққа баулу жұмыстары.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы отаншылдық сезімдерін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие негізінде отаншылдық сезімдерін қалыптастыру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатты қорғауға, елін сүюге байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
  • экологиялық тәрбие іс-шараларының мазмұны туған елге және қазақ этнопедагогикасына қатысты материалдармен толықтырылса, онда Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білімі мен адамгершілік қасиеттерін, табиғатқа аялы көзқарастарын, қазақ ұлтына, ана-тіліне құрмет сезімдерін қалыптастыруға, дамытуға болады.

Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты әдебиеттерге талдау жасау, мектеп құжаттарымен (жоспарлар, бағдарламалар) танысу, салыстыру, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық бақылау. 

  1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ   ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің  мәні мен мазмұны

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-тендігі бұзылып, табиғи жүйе өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қауіпі төнді.

...

Скачать:   txt (97.5 Kb)   pdf (404.8 Kb)   docx (42.6 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club