Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогика

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Анализ учебного пособия  •  100,466 Слов (402 Страниц)  •  1,059 Просмотры

Страница 1 из 402

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАУБАЕВА Ш.Т.,  ИМАНБАЕВА С.Т.,

БЕРИКХАНОВА А.Е.

ПЕДАГОГИКА

Алматы

2018[pic 1]

ӘОЖ  37.0(075.8)

КБЖ  74.00я73

  Т  24

Оқулық   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің «Білім» мамандықтары  тобы бойынша Оқу -  әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде бекіді.  Хаттама № 2, 30 наурыз, 2018жыл.

Пікір жазғандар:

Әмірова  Ә.С. ˗ пед. ғыл.докторы, профессор;

Меңлібекова Г.Ж.˗ пед. ғыл.докторы, профессор;

Мыңбаева А.Қ.˗ пед. ғыл.докторы, профессор;

Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,

Берикханова А.Е.

Т 24  Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.

ISBN 978-601-298-624-2

Оқулық жаңа типтік оқу бағарламасы бойынша педагогикалық мамандықтарына арналып жазылған.Оқулықтаотандық білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне ену үдерісіндегі парадигмалық өзгерістер қарастырылады. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі, жаңа формациядағы педагог тұлғасын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптары мен қағидалары қамтылады. Әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері, педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің, педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары қарастырылады.  

Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы, қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негізі, тәрбиенің мәні мен мазмұны, отбасытәрбиесініңнегіздері, оқыту формалары, әдістері мен құралдары,мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі жаңашыл технологиялардың мазмұны жан-жақты қамтылады.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға  және білім беру ұйымдарының  қызметкерлеріне  арналады.

ӘОЖ  37.0(075.8)

КБЖ  74.00я73

ISBN 978-601-298-624-2

©Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,                                                                              Берикханова А.Е., 2018[pic 2]

ПЕДАГОГИКА оқулығыАбай атындағы

Қазақ Ұлттық педагогикалықуниверситетінің

90 жылдық мерейтойына арналады.

Осы университеттің шәкірттері  ретінде

мерейтойға қосқан үлесіміз деп қабылдаңыздар.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстанғаннан бері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси,  мәдени өзгерістер де жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. Ал қоғамдағы өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өскелең жас ұрпақтың санасына тікелей әсерін тигізетіні анық. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа көзқарастар, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары іздестірілуде.

XXI ғасырдың ұстаздары да сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл әлеуметтік тәжірибені, өнегелі өсиеттер мен мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамының интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға ұмтылысы-болашағымыздың іргетасының берік қалануының кепілі.

Оқулықтың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»атты бірінші бөліміндезаманауи білім берудің, оның рөлі мен ерекшеліктерін, білімнің әлеуметтік мәнін, парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануын аша отырып, білім беру құндылық, жүйе,үдеріс және нәтиже ретінде, адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы ретінде нақтыланады.

...

Скачать:   txt (1.5 Mb)   docx (550.1 Kb)  
Продолжить читать еще 401 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club