Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Автор: aisholpan • Январь 29, 2018 • Реферат • 767 Слов (4 Страниц) • 8,379 Просмотры
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар: әдіснамалық және пәндік.
- Әдіснамалық байланыс - басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды, жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан); басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану (мысалы, әлеуметтанудан).
- Пәндік байланыс - басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы, психологиядан, медицинадан, физиологиядан және т.б.); кешенді зерттеулерге қатысу.
Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы кіргендіктен, бұл ғылым адамды зерттеу нысаны ретінде қарастыратын барлық ғылымдармен байланыс жасайды. Бұл байланыстардың ішінде философия және психологиямен байланыстары ерекше. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.Педагогиканың философиямен байланысы ерекше, себебі философия педагогиканың әдіснамалық негізін құрайды, яғни көптеген педагогикалық құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі, педагогикалық ізденістер бағыттарын анықтайды. Философия ғылыми таным қағидалары мен әдістерін, әдістемесі мен технологиясын жасай отырып, педагогикалық зерттеулер мен педагогикалық ізденістерді жүргізудің, педагогикалық тәжірибені талдаудың және педагогикалық тұжырымдамаларды жасаудың теориялық негізі болып табылады. Педагогикалық фактілер мен құбылыстар философиялық негіздемесіз ғылыми мәртебеге ие бола алмайды. Екінші жағынан педагогика философиялық идеяларды «сынақтан өткізу алаңы» болып табылады. Педагогика адамның дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен құралдарын жасайды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары – философия мен психология. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік т.б.) жүйесін ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу-тəрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру процесінің мəні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тəжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.
Педагогиканың психологиямен де байланысы тығыз және өте маңызды. Психологияның зерттеу пәні психика мен тұлғаның психологиялық құрылымы (оның маңызды құрамдас бөліктері сана, іс-әрекет) болғандықтан, психология оқыту мен тәрбиенің жүйелері негізделетін оқушының дамуы мен таным үрдістері туралы қажетті мәліметтерді береді. Психология адамның даму заңдылықтарын ашып, оның деңгейін диагностикалайтын болса, ары қарай педагогика оны оқыту мен тәрбие барысында дамыту мен қалыптастыру жолдары мен мазмұнын қарастырады. Педагогика мен психологияның маңызды байланыстарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жас ерекшелік сипаттамалары.
2. Психикалық үрдістер туралы түсініктер.
3. Тұлғаның жеке ерекшеліктерін сипаттау, ең бірінші – дербестік, белсенділік, мотивациясын.
4. Педагогика мазмұн түрінде қабылдайтын сипатында білім беру мақсаттарын ұсыну
Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға білім беру мақсатты бағытталған (ойлау, іс-әрекет) психикалардың өзгеруі ретінде болмақ. Ол психологиялық білімдерді меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Екінші байланыс жібі екі ғылым – оқытудың критерилері мен көрсеткіштері және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар білімінің жылдамдық деңгейі жадыларының өзгеруімен, білім қорларымен, практикалық мақсатта білімдерін оңтайлы қолдана білу арқылы тіркелінеді.
...