Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Автор: fariza saimova • Апрель 9, 2018 • Реферат • 4,887 Слов (20 Страниц) • 1,425 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 201
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Биологияны оқытуда халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық-психологиялық алғышарттары
1.1. Биология сабағында этнопедагогикалық материалдарды пайдаланудың жәй күйі....................................................................................................................7
1.2. Биология сабақтарында халықтық педагогика элементтерінің орны.........9
2. Орта мектепте биологияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану әдістемесі
2.1 Биология пәнінде халықтық педагогика элементтерін пайдалану үдерісі.....................................................................................................................12
2.2 Биология сабақтарында халықтық педагогиканы пайдаланудың жолдары мен әдістері............................................................................................................21
Қорытынды............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, эканомикалық, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім [1].
Сондай бетбұрыстың бірі биология пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай деп жазылған: «Ол ұрпақ тәрбиесіне дана болады. Оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарастың дамуына қамқор жасайды. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық эканомика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»: «білім беру жүйесінің міндеттрі: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және республикадағы басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп айрықша атап көрсетілген [2].
Қазақстан Республикасының Білім министірлігінің «Тәлім- тәрбие» тұжырымдамасында үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында этнопедагогиканы жеке оқу пәні етіп ендіру ұсынылған.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақтың ақындарын, жазушыларын, композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете біле бермейді. Ал осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының өскелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім.
Ұстаз оқушыларға білім беру барысында оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде тұлғаның дұрыс қалыптасу мүмкіндігін зерттеп, жеке бас ерекшелігін аңғарып, осыған сәйкес жұмыс істегенде ғана орынды педагогикалық шешім табады.
Мектептерде биология пәнінде көркем әдебиет пен поэзияны, ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту жолдары биология пәні мұғалімдері С.Әубәкірова, Г.Жұмаділқызы, Б.Қаденова, Г.Диханбаева, К.Құрбанбекова, Ж.Қожамқұлқызы, А.Райымжанованың жұмыстарында қарастырылған [3,4,5,6,7,8].
...