Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері
Автор: kurymbaeva_anel • Сентябрь 20, 2021 • Курсовая работа • 5,776 Слов (24 Страниц) • 420 Просмотры
1
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.................................................................................................................2
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері……………………………..................................................................5
1.2 қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні………………………..……………………....................................................8
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ……………...........................................................................................................12
2.2 мектеп жасына дейінгі балаларға мінез-құлық тәрбиесінің жайы......................................................................................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................................23
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2050» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы» заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [1;2].
ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты қалыптастыру болып табылады.
Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, «адамгершілік» сөзі: ар-ұжданның тазалығы, адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т.б. қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндігі, тиімділігін қамтамасыз ететін шарттар мен әдіс-тәсілдерді айқындау, бұл мәселенің педагогикалық теориясы мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды.
Бұл қайшылықтардың шешемін табу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері» деп алуымыз негіз болды.
мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктерінің теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу. Мектепалды даярлық топ балаларын оқу және тәрбиелу үрдісі.
мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктерін қалыптастыру.
егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этнопедагогика материалдары арқылы адамгершілікке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктері қалыптасады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда
...