Болашак бастауыш сынып мyfалiмдернiн карым-катынас мәдениетiн калыпстастыру
Автор: torebai • Март 4, 2023 • Статья • 1,779 Слов (8 Страниц) • 169 Просмотры
Қожа Aхмет Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық
қaзaқ-түpiк унивepcитeтi
(Түркістан, Қазақстан),
aktolkintorebai5@gmail.com
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПСТАСТЫРУ
Аңдатпа
Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым қатынас мәдениетін қалыптастыру білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын мәселелер қарастырылған. Бастауыш сынып мұғалімдерінің тілдік қарым-қатынасын жетілдіру, дамыту арқылы қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, сонымен қатар, шебер қарым-қатынас жасай білетін мамандарды даярлау басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл мақалада «қарым-қатынас», «мәдениет» ұғымдарын теориялық тұрғыда негіздей отырып, «қарым-қатынас мәдениет» ұғымына анықтама берілген. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениеті жайлы зерттеушілер мен ғалымдардың ой-пікірлері, бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктері және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бағыты көрсетілген. Сондай-ақ мәдени, қарым-қатынасқа ие мұғалімнің бойында болуы қажет қасиеттер мен негізгі компоненттер аталып өтілген. Оқыту процесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мәдени қарым-қатынасын қалыптастырудағы әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдау арқылы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының қажеттілігі туралы негізгі ой айтылды.
Түйін сөздер: қарым-қатынас; мәдениет;толеранттылық;мұғалім; бастауыш сынып .
Кіріспе. Тәуелсіздіктің туын ұстап Қазақстан Республикасының егемендік алып, мемлекет ретінде қадам басқанына отыз жылда толып отыр. Ел Президентті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа арнап айтылған Жолдауында тарихымыздың тереңінен ойлап алға қойылған мақсаттыңегеменді ел ретіндегі қалыптасып орныққан және даму стратегиясын тиімді жолмен жүзеге асыру үшінде ішкі және сыртық жағдайлардың қалыпты сақталуын қолдау және жағдай жасау болып табылады. Мақсат-міндетті алдымызға қойып нәтижесінде өркениетті, сауатты, білімді елге айналу, ал өркениетті ел боу үшын халықтың жарқын болашағына білім керектігі айтылған [1].
Білім туралы заңда білім берудің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Ол үшін «жаңа технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» деген міндеттер қойылады. Демек, оқу ағарту саласында өзекті мәселенің бірі мамандарымызды сапалы қарым-қатынасқа даярлап, болашақ бастауыш сынып мұғалімнің мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Болашақ бастауыш сынып мұғалімнің тілдік қарым- қатынасын жетілдіру, дамыту арқылы қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өз бетімен, жасампаздықпен ойлай алатын және өз ойын шығармашылықпен жеткізіп, шебер қарым-қатынас жасай білетін, тілдік қатысымды тиімді қолдана алатын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу [2].
Зерттеудің әдіснамасы. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерінің бірі оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға негізделген. Соған орай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетін интербелсенді әдістер арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым барысында оқушылардың өз ойын жетік жеткізу, еркін сөйлей білу дағдылары қалыптасады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру белгілі бір кезеңдер арқылы жүзеге асады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру деңгейінің динами- касы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру педагогикалық және дидактикалық жағдайларды кешенді қолдануды, сонымен қатар болашақ мұғалімнің өзінде жоғары деңгейлі қарым-қатынас мәдениетінің болуын талап етеді. Бұл оқытудың оңтайлы әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.
...