Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің теориялық негіздері
Автор: nazgulkudarov • Январь 21, 2018 • Курсовая работа • 19,494 Слов (78 Страниц) • 2,086 Просмотры
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: айналадағы ортамен қарым-қатынас кеңейген сайын адам барлық шынайылықтың жаңа заттары және оның әр қырларымен соқтығысады. Қай жағдайларда да адам үшін не нәрсенің болмасын, белгілі бір мәні бола бастаса, ол адам бойында жеке тұлғасына ерекше бағытталған қызығуды тудырады.
«Қызығу» деген сөз көп мәнді. Бір нәрсеге қызығушылқ танытуға және бір нәрсеге қызығуға болады. Бұл екі түрлі нәрсе, дегенмен сөзсіз өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Өзге тенденциялардан ерекше етіп көрсететін қызығудың өзіндік ерекшелігі – оның белгілі бір затты жақын тануға, оны терең түсінуге, көз алдынан жіберіп алмауға деген ұмтылысын тударатын ойдың тоқталуы. Жеке дамуы барысында қызығу, балалардың айналадағы ортамен қарым-қатынасының қалай қалыптасқанына орай құралады және оқу мен тәрбие үрдісінде тарихи қалыптасқан және дамып келе жатан мәдениетті игереді. Қызығулар оқудың шарты, әрі оның нәтижесі болып табылады. Оқыту балалардың қызығуына сүйенеді және оларды қалыптастырады. Сол себепті қызығу бір жағынан педагогтың оқытуды тиімді етуі үшін қолданатын құралы ретінде, біржағынан қызығулардың қалыптасуы педагогикалық жұмыстың мақсаты болып таблады; толық түрде қызығудың қалыптасуы – оқытудың басты міндеті.
Оқыту балалардың қызығуына сүйенеді және оларды қалыптастрады. Танымдық қызығу танымдық іс-әрекетінің түрлі салаларына жатады. Ол біршама кең болуы мүмкін, жалпы ақпаратты алуға, заттар әлемінің әр қырының жаңалықтарын үйренуге және танымңың белгілі бір саласын тануға орай тарқаған. Танымдық қызығу мектеп пәндеріде ұсынылған білімді игеруге, тануға бағытталған. Осымен қатар, ол осы пән саласында ғана емес, сол білімді алу үрдісіне, танымдық әрекетіне қатысты, егер адам үнемі, әрі барынша белгілі бір іс-әркетпен ғана айналыса берген болса, онда танымдық қызығу бейімділік сипат алуы мүмкін. Танымдық қызығудың әсерімен болатын интеллектуалдық іс-әрекетте белсенді ізденіс, пайымдау, зерттеу әдістемесі, тапсырманы шешуге дайындығы көрініс береді.
Танымдық қызығуға тән эмоционалдық көріністер: таң қалу эмоциясы, жаңалықты күту сезімі, табысты сезуі. Танымдық қызығудың ұйытқысы ойлау үрдісі болып табылады. Мектеп оқушылары бойында қызығудың қалыптасуы алғашқы оқу кезеңінен басталады, оқу үрдісінің өзіне деген қызығуынан бастап кәсіби қызығудың дамуына дейін алып келеді, сондықтан төменгі мектеп оқушыларының жетекші дамуының тақырыбы өте өзекті және уақытылы қолға алынған тақырып болып саналады. Кіші мектеп жасында қызығуды қолдау және дамыту жолдарының бірі – топпен ойнау терапиясы.
Ойын баланың ең негізгі әрекеті, ол баланың психикалық дамуына көп әсер етеді. Ойын кезінде балалар жаңа біліктіліктер, дағдылар мен білімдерді игереді. Тек ойын барысында ғана адами қарым-қатынас ережесін игереді. Ойыннан тыс кезде баланың бойында толықтай адамгершілік пен ерікті дамуы бола алмайды, ойыннан тыс кезде жеке тұлға тәрбиесі жоқ.
Міне, сондықтан да тіпті ең қарапайым деген сұрақтардың өзі: психология саласының шынайы ғылыми зерттеу құралы болды, осы мәселемен Л. Абрамян., А. Варга., И. Выгодская., А. Зхаров., А. Спиваковская., Л. С. Выгодский., Д. Б. Эльконин., А. Н. Леонтьев., А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин., П. Я. Гальперин., С. П. Рубейнштейн., М. Кляйн, В. Экслайн., Д. Тафттар айналысты.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтары.
Зерттеу болжамы: егер де бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының, психологиялық ерекшеліктерін дер кезде анықтап, дамытатын болсақ, болашақ тұлғаны дамытуда оң көрінісін табар еді.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің теориялық негіздері;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қарастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын эсперименттік тұрғыдан зерттеу;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын анықтауға арналған әдістемелерді іріктеу;
- алынған нәтижелерге байланысты психоккорекциялық және психотерапиялық бағдарлама құрастыру.
Зерттеу әдістері: мәліметтерді жинау және талдау әдісі; тестілеу – «қызығулар картасы» тесті, Г. Н. Казанцева бойынша оқу пәндеріне қарым-қатынастарын зерттеу; оқу себептерін анықтау, М. Р. Гинзбургпен әзірленген әдістеме; сауалнама жүргізу; мәліметтерді санақты-математикалық әдіспен өңдеу.
...