Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып окушыларынын кабiлеттерiн бiлiм технологиялары аркылы дамыту

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Реферат  •  2,564 Слов (11 Страниц)  •  318 Просмотры

Страница 1 из 11

«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ»

Жомарт Жадыра Ерболатқызы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

zhakonyia@mail.ru

Кез келген жағдаяттан шығу үшін өзіне сыни көзқараспен сұрақтар қоя біліп, ойдан ой тудырып өз өміріне қажетті білім алып жатса, ұстаз жетістігі осы. Оқушылардың пәнге деген қызғушылығын, өмірге деген құлшынысын оятып жатса, ұстаз алдына қойған мақсатқа жеткен болып саналады. Уақыт ағымы бойынша күннен күнге қарыштап дамып жатқан заман желісіне ере отырып, өз білімін күнделікті өмірде қолданып, өз ойын еркін айта білетін ұрпақты өсіріп жеткізсек басты міндеттің орындалғаны осы болмай ма. Қазақстан Республикасының Президентінің биылғы Жолдауында «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Білім мен ғылымға жетудің бірден бір жолы-базалық білім мазмұнын жүзеге асыру. 

А.А.Леонтьевтың айтуы бойынша қимылдың іске асыруын операция деп атаймыз. Бір нәрсені хабарлау үшін сөйлесеміз. Сөйлеу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады.Оқытушыға не сөйлейтінін, оқушыға сөйлеудің мақсатын, мотивтерін білу керек. Баланың жасы, өскен сайын психикасы да өседі, сөйлеу мотивтері де күрделеніп отырады. Сөйлеу әрекеті 4 фазадан тұрады.

  • Бағыттау (сөйлеуге даярлық)
  • Жоспарлау (сөйлеу мазмұнын құру)
  • Орындау (жүзеге асыру)
  • Тексеру (бақылау сатысы)

Сөйлесу үшін қатынасу шарттарының бағытын білуіміз керек. Одан кейін айтылатын сөзді дұрыс жоспарлау керек. Келесі фазада қатынасудың мазмұнына байланысты орындау болады. Орндау кезінде ойыңды дұрыс жеткізе білу тиіс. Төртіншіден кері байланысты қамтамасыз ете білуі қажет. Егер осы байланыстың түйіні бұзылса, сөйлесуші қатынасу нәтижесіне жетпейді.

Жоспарлау дегеніміз – сөйлеудің  бағдарламасын құрастыру, оның мазмұнын таңдау. Осында сөйлеудің негізгі ойы мен тақырыбы шешуші роль атқарады. Психологтар зерттеуі бойынша бағдарлама алдымен ішкі ойда ой қалпы ретінде табылады. Бұл кезеңде ой сөз арқылы әлі білдірімеген

Сөйлеудің үшінші фазасы бағдарламаның орындау процесіне көшуді қамтиды. Осы фазада сөйлеуші сөздерді синтаксистік вариантта құрады, байланыстырады, өзіне керек тұлғаларды таңдауға тырысады.

Сөйлеудің төртінші фазасы – тексеру, ол кезде сөйлеуші нәтижесін және қатысудың мақсатын салыстырады. Егер алынған нәтиже сөйлеушінің ниетімен үйлеспесе, қателік түйінді іздестіруге әрекет жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып шығады. Сөйлеу мазмұны қисынсыз жоспарланған, әлде сөйлеушінің ойы дәл, анық жеткізілген. Сөйлесу процесінде меңгерілетін дағдалыр практикалық әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмыстыры сөз қорын байытуға, тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға көмектесетін дағдыларды тәрбиелейтін нысандар.

Халқымыз «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деп тегін айтпаған. Бұдан біз сөздің күшін, әсерін ұғынамыз. Сөзді орынды жерінде қолданып сөйлеу байланыстырып сөйлеуге байланысты.Байланыстырып сөйлеуі жетік бала жазба жұмыстарын шебер орындайды. Байланыстырып сөйлеу ерекшеліктері:

1. Байланыстырып сөйлеу процесінің ана тілінде және екінші тілде көп сәйкестіктері бар, бірақ ана тілін және екінші тілді меңгеру процесі әр түрлі жолмен іске асады.

Егер оқушы өзінің ана тілін меңгеру процесінде ең жоғарғы деңгейде еркін сөйлеу дағдалырын қалыптастырса, екінші тілді меңгеру процесі ең қарапайым механизмдерінен, жай іс-әрекеттерден, тілдік тұлғаларды таңдап алудан және сөйлеуге малықтандырудан басталады.

...

Скачать:   txt (37.5 Kb)   pdf (391.9 Kb)   docx (287.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club