Қалыпты және есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының физикалық даму ерекшеліктері
Автор: Aigerim Kalymova • Май 25, 2020 • Курсовая работа • 24,884 Слов (100 Страниц) • 720 Просмотры
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдегі№319-ІІІ қабылданған Заңы және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Қазақстан Республикасының Заңдары мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға әлеуметтенуі үшін жағдай жасау мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басым бағытының бірі болып табылады. Сондықтан, қоғамның заманауи даму кезеңінде физикалық даму мен физикалық дайындықты есту қабілеті зақымдалған балаларды әлеуметтік адапатациялауға мүмкіндік беретін негізгі құрал мен әдіс ретінде қарастыруға болады.
Есту анализаторының зақымдалуы және нәтижесінде вестибулярлы аппараттың жұмысында ауытқулардың пайда болуы естіп қабылдауы зақымдалған балалардың қимыл-қозғалысты бағдарлау қабілеттерінің дамуында бұзылыстардың пайда болуының себебі болып табылады. Т.С. Голозубец [43], Е.Ю. Овсянникова [148], Н.В. Губарева [52], А.П. Киргизов [99] және т.б. зерттеулерінде естіп қабылдауы зақымдалған балалардың физикалық дамуы, қимыл-қозғалысты бағдарлау қабілеттерінің көрсеткіштері бойынша қалыпты еститін балалардан артта қалуда.
А.А. Дмитриев, 1987 [71]; Ю.Ф. Курамшин, 2003 [183]; В.И. Лях, 2006 [119] және т.б. теоретиктер қимыл-қозғалысты бағдарлау - ағза жүйелерінің және түрлі мүшелердің функционалды келісімді жұмысы және қимыл-қозғалыс әрекеттерін табысты басқару қабілеті ретінде сипаттайды.
Арнайы (түзету) мектептерде физикалық тәрбие беруде құрылымы күрделі қабілет – қимыл-қозғалысты бағдарлау қабілетін қалыптастыру білім беру процессінің маңызды бөлімі және басқа физикалық қабілеттердің табысты дамуының фундаментальді негізі ретінде қарастырылады (И.Ю. Горская, 2001 [47]; С.П. Евсеев, 2007 [79]).
Көптеген ғалымдар (Ю.В. Демьяненко, 1987; Г.Б. Дьяченко, 1993; Е.П. Артамонова, 1996; А.Б. Лагутин, 1997; Л.Т. Майорова, 1998; А.А. Мирошников, 2000 и др.) бастауыш мектеп жасында қимыл-қозғалысты бағдарлаудың қарқынды дамуы байқалатындығын анықтаған.
Зерттеушілер (Н.А. Каменцева, 1998 [95]; А.П. Киргизов, 2011 [99] және т.б.) есту қабілеті зақымдалған балаларға жан-жақты психофизикалық дамуы үшін бағдарламамен бөлінген оқу сағаттарының, балалардың қимыл-қозғалысты бағдарлау қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы іс-әрекеттердің, қолданылатын әдістердің жеткіліксіздігін көрсетті. Физикалық тәрбие беруде сабақ барысында барлық қажетті мақсаттарға әрдайым жету мүмкін емес екен. Баланың дамуында , оқу үрдісінде де баланың денсаулығы басты факторлардың бірі болып саналады. Осы орайда есту қабілеті зақымдалған балалардың физикалық мүмкіндіктерін жетілдіру жолында олардың қимыл-қозғалысты бағдарлау мүмкіндіктерін жіті зерттеу де маңызды. Бірақ өкінішке орай бұл қабілеттерді дамыту жолында әдеби материалрар мен зерттеулер өте аз болып табылады.Аталмыш тақырыптың маңыздылығы мен оның әлі толыққанды зерттелмеуі тақырыбымыздың қарама-қайшылығын анықтап, тақырыбымызды «Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыстарынбағдарлауын дамыту» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыстарын бағдарлауын дамыту ерекшеліктерін анықтап, дамыту.
Зерттеудің объектісі: естіп қабылдауы зақымдалған балалардың физикалық даму үрдісі
Зерттеу пәні: Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының қимыл-қозғалыстарын бағдарлауын дамыту ерекшеліктері
Зерттеудің болжамы: Егер, біз естіп қабілеті зақымдалған 6-8 жастағы балалардың қимыл-қозғалысты бағдарлау қабілеттерінің даму ерекшеліктерін нақты анықтап, сол арқылы түзете –дамытушылық жұмысты тиімді жүргізсек, ол балалардың жалпы және физикалық дамуын жоғарлатып, олардың әлеуметтенуіне ықпал ететін еді.
...