Оқудағы үлгермеушілікті түзету бойынша бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына жеке кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру
Автор: zhanylsyn_26 • Май 6, 2021 • Контрольная работа • 2,510 Слов (11 Страниц) • 555 Просмотры
Курс:1 колледжден кейінгі
Факультет:педагогика және психология
Молдақын Жаңылсын Бауыржанқызы
1.Оқудағы үлгермеушілікті түзету бойынша бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына жеке кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Еліміздің экономикалық, əлеуметтік - мəдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кеңестік дəуірде туып - өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шəкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тəрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дəстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нəтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мəні адам тəрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дəл қазіргі уақыт, ең алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір тəжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тəрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында айқын көрсеткен: Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық жəне жалпы адамзаттық мəдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау. Көптеген мектептерде мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен қатар жаңа пəндердің көптеп қосылғандығы, авторлық білім беретңн жəне тəрбиелік бағдарламалардың жиі қолданатындығы, халықаралық білім беру бағдарламаларының игеріліп өз нəтижесін беріп жатқандығы кеңінен мəлім. Мұның барлығы шəкірттермен жұмыс істейтін əр типтегі барлық білім беру мекемелеріндегі балалармен жүргізілетін оқу-тəрбие саласын жетілдіруге бағытталған. Қазіргі заманғы қоғам дамуының əрекеті, əлемдік жəне отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, əсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тəжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пəндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу əрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тəрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тəрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу əрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар əрекетінің ең басты жəне жетекші түрі оқу.Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-əрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын біртебірте қалыптастырады. Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді əрекеті. П.П.Блонский өзінің Қиын оқушылар атты еңбегінде үлгермейтін оқушылардың типтерін физикалық жəне психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты бөліп қарастырған. Үлгермейтін оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал Л.С.Славинаның Үлгермейтін жəне тəртіпсіз оқушыларға жеке ықпал ету кітабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтін оқушылардың топтары, үлгермеушіліктің негізгі себебі анықталған. Б.Г.Ананьев ғылымында педагогикалық процестегі бағаның ролі көп жақты зерттелді. В.С.Мерли Жеке тұлға психологиясының очеркі еңбегінде кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екені анықтады. Ғалым-педагог Л.В.Занков: Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет, - дейді. Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп,ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады деп тұжырымдайды. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мəселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді. Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. Таным - ойдың білмеуден білуге қарай дəл емес, білуден неғұрлым толық дəл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Практика тұрғысынан оқушылардың танымы-өзіне тəн ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нəтижелі оқуына əсер ететін сыртқы жəне ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуды ілгері қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда əр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нəтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол - педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының жəне дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.
...