Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Курсовая работа  •  18,514 Слов (75 Страниц)  •  2,376 Просмотры

Страница 1 из 75

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендік алуымен байланысты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп - мектеп, бүгінгі таңдағы оқу - тәрбие жұмысына ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Бұл  міндеттерді жүзеге асыруда алғаш мектеп баспалдағын аттаған бүлдіршіндердің мектепке дайындығы мен бейімделуі күрделі психофизиологиялық процесс деп айтуға болады. Осыған байланысты педагог пен мектеп психологының қызметі бұл мәселені шешуде үлкен рөлге ие. 

ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін оқушылардың оқу мотивациясының жүйесін негіздейді. Ал бастауыш сынып оқушыларының  оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі бойынша  теория əрі тəжірибе жүзінде талдау мен енгізу мəселесі көптеген уақытты талап етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі бойынша  қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін. Жалпы орта білім берудің басты мәселесі- әлемдік білім беру стандарттарына сәйекс келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өздігінен білім алуға ұмтылуы, өзін-өзі тануға, белсенділік танытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.

Баланың жеке басын жан - жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу мотивациясы айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл - күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыдан əлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.

Бастауыш мектептерге қабылданған балалардың оқытуға даярлығын зерттеу өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап жан-жақты зерттелуде. Мектепке қабылдау кезде және оқыту барысында психологиялық зерттеу әдістемелерін пайдалану жолдарын зерттеуге көптеген психологтар өз үлестерін қосты. Олар ақыл-ой коэффициентін анықтау эдістемелерін жасап, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таным процестерін жетілдіруге арналған тестер мен арнайы жаттығулар жинақтарын жасап, пайдалану ережелерін құрды. Психологиялық мәселелердің бірі, онсыз оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін дұрыс шешу мүмкін емес болып келетін, бұл адам қажеттіліктері мен мотивтердің құрылу мәселесі. Көбінесе, кіші жастағы оқушыларда ғана оқуға қызығушылық болмайды, сонымен де орта және жоғары сыныптарда болмады. Оқу-танымдық мотивтердің амоффорттіліг, қалыптаспауы-оқушылардың оқу материалын меңгеруде қиындық келтіреді және оқу іс-әрекетін толық иеленуге кедергі болады. Оқу мотивациясының мәселесі өте өзекті  болып келеді, өйткені мектепке аяқ басатын әр бала интелектуалды, психикалық, физикалық және ішкі отбасы өмірінде өзінің спецификасы бар. Олар мектепте қандай мотивация түрімен келетіні осыған байланысты.

Кіші мектеп жасы - оқуда жағымды мотивацияның құруының маңызды аралығы болып табылады. Дәл осы кіші мектеп жасында негізгі оқу іс-әрекетінің компоненттері қалыптасып, оқушылардың мотивациялы қажеттіліктері ортасы қайта құрылуы-көптеген психологиялық жағдайлармен және себептермен анықталады.

Бұл жағдайлар мен себептер қатарында әлеуметтік психологиялық факторлар мен балалардың өзара қатынасының ерекшеліктері және оның референтті тобы ерекше орын алады. Референттілік-психологиялық-педогогикалық зерттеудің маңызды объектісі болып келеді, өйткені кез-келген топқа жүргізуші әсер етеді, бірі әсерлерге аса сезгіш сезімталдықты тудыртса, ал басқаларына төзе алушылықты тудыртады.

...

Скачать:   txt (233.5 Kb)   pdf (614.8 Kb)   docx (863.9 Kb)  
Продолжить читать еще 74 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club