Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытудың әдістемелік негізі

Автор:   •  Февраль 26, 2019  •  Реферат  •  20,015 Слов (81 Страниц)  •  1,637 Просмотры

Страница 1 из 81

@3814Dot

@2699Dot

Мазмұны

Кіріспе……………………………….........…………………………….........
I – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытудың ғылыми-теориялық  негіздері...........................
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының таным  процестері мәселесінің зерттелу жағдайы...................................…......
1.2. Өзін-өзі тану сабағы  арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны............................................

ІІ–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытудың әдістемелік негізі....................................................…...........................................….

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда өзін-өзі тану пәнінің рөлі
2.2. Өзін-өзі тану пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының таным процесін  қалыптастыру әдістері және оларды жетілдіру жолдары.................

2.3.  Тәжірибиелік және қалыптастырушы эксперимент жұмыстарының нәтижелері.

ІІІ. Қорытынды…………………………....……….………....…………....
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….....…………

Қосымша

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан – 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған. Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.«Қазақстан – 2050» бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.  Сын тұрғысынан  ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы,  кубизм , дискуссиялық өрнек,  кластер, ішіне сыртына , синквин,  т.б. СТО бағдарламасын қазақ тілі және әдебиет сабығында осы жүйемен өтілген  сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады.[1]

...

Скачать:   txt (297.5 Kb)   pdf (689.6 Kb)   docx (104.3 Kb)  
Продолжить читать еще 80 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club