Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып оқушыларын ойын процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу

Автор:   •  Апрель 26, 2022  •  Курсовая работа  •  6,139 Слов (25 Страниц)  •  205 Просмотры

Страница 1 из 25

     «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

[pic 1]

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын ойын процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу»

Дайындаған: АтаеваА

Жетекшісі: Хайруллаева Ә.

2015-2016 оқу жылы

Мазмұны:

І. Кіріспе бөлім.

ІІ. Негізгі бөлім

І тарау Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?

  1. Ойынның даму тарихы
  2. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін еме
  3. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы баланың ойлау    қабілетін,   сөйлеу қызметін дамыту мүмкіндіктері
  4.    Баланы ойын арқылы адамгершілікке баулу

III. Қорытынды

IV. Ұсыныс

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: XXI ғасырға енді аяқ басқан жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезде болашақ жас ұрпақты мәдениетті, білімді, рухани интеллектуалдылығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.  Осы айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі - адамгершілік тәрбиесі. Оған дәлел -Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 8-бабында былай деп көрсетілген: "Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту..." және 62-бабында "Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржының мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психологиялық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады" деп айтылған. Адамгершілік тәрбиесі қай заманда болсын адамзат алдындағы ізгі қасиеттердің бірі болып табылады. Бұл жағдай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпағын салауатты, саналы адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуді қазіргі қоғамда өте маңызды, әрі қажетті шешуді күттірмейтін мәселе болып отыр. Себебі адамгершілік тәрбиесі өзінің педагогикалық, психологиялық мәнділігімен ерекшеленеді. Оны қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде адамгершілік тәрбиесі ұғымына берілген сипаттамадан көруге болады. Атап айтқанда, адамгершілік тәрбиесі - болашақ жас ұрпақты белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталган жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Ал қазіргі нарық билеген мына заманда жоғарыда көрсетілген адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс алмауы, керісінше, қоғамға жат теріс мінездердің көптеген белең ала бастағанына біздер куә болып отырмыз. Алайда, қазіргі орын алып отырған келеңсіз жағдайлар (тұрмыстық қайшылықтар, күн сайын туындап отырған қымбатшылық, жұмыссыздық, нашақорлық т.б. оқушыларға ықпал етпей тұрмайды, алайда, осындай жағдайлар жат қылықтардың (адамға деген қатыгездік, мейірімсіздік, зұлымдық, күншілдік, құбылмалы мінезділік, өзіне-өзі сын мінезбен қарамаушылық т.б.) балалардың бойында қалыптасуына себеп болып отыр. Сондықтан бүгінгі танда білімнің Мемлекеттік стандартына сәйкес Республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту керек. Осыған орай қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі тәрбиенің мақсаты оқушыларды рухани бай, саналы, жан-жақты мәдениетті, ілтипатты болуға, еңбекқорлыққа икемді және бәсекелестікке бейім тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Адамгершілік тәрбиені беретіндер мұғалімдер болғандықтан бүгінгі қоғамның сұранысына сай олардың бойында адамның ең ізгі қасиеттерінің болуын қалыптастыру - бүгінгі мектептің міндеті. Мұндай жағдайда адамгершілік тәрбиесінің тиімділігін арттыру мақсатында, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, баланың тұлғалық дамуына бағытталған негізгі іс-әрекеттің бірі — ойын. Әлбетте адамгершілік тәрбиесі адамның барлық іс-әрекетіне (оқу-танымдық, еңбек, спорттық, шығармашылық және т.б.), оның ішінде әсіресе ойын әрекетімен байланысты болады. Осы талапқа орай, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындары және мектеп жас ұрпақты адамгершілікке ойын арқылы тәрбиелеуді, олардың кішкентай кезінен бастап-ақ ғылыми негізде іске асырып отыруға тиісті. Біздің зерттеуімізге алынған проблеманың педагогика тарихындағы теориялық негізін қалаған ғалымдар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б. Қазақстанда адамгершілік тәрбиесін жан-жақты қарастырған Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ы.Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев, жастарға гумандық тәрбие идеясын ұсынған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердиевжәне т.б. Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұнын В.Г. Афанасьев, Л.М. Архангельский, С. Абдильдин, Р.Б. Абсаттаров; психологиялық қырынан зерттеген Ж. Пиаже,Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, Л.И. Божович, Л.В. Занков, В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, Қ.Т.Шерьязданова және т.б.педагог-ғалымдар; С.Қалиев, К.К.Құнантаева, ГА Уманов, Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, С.Ұзақбаева, Қ.Қ. Жанпейісова, А.Г. Қазмағамбетов, В.В. Трифонов, М.Ә. Құдайқүлов, Г.П. Хайруллин, Ш. Майғаранова, Б.К. Момынбаев, Б.А. Ким, Л.К Керимов, Э.И. Шнибекова, Р.К. ғылыми еңбектерінде адамгершілік тәрбиесіне құнды пікірлер айтқан. Оқушылардың ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын әртүрлі аспектіде қарастырған ғылыми еңбектер баршылық. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың спорттық ойынның рөлін теориялық және тәрбиелік тұрғыдан көрсеткен Т. Қуанышев, Е. Сағындықов,М. Танекеев және т.б. Дегенмен, қазіргі заман талабына сай мектептердегі адамгершілік тәрбиесінің жұмыс жүйесіне жасалған талдау негізінде, оқушылардың білімі мен дайындық деңгейінің төмендігін байқатады. Жарық көрген философиялық, тарихи педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми әдебиеттер, сонымен қатар докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау нәтижесінде олардың санының көптігіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне арналған нақты ғылыми жұмыстың жоқтығы дәлелденді. Сондықтан қазіргі мектеп жағдайында адамгершілік тәрбиесін беруді, оның мазмұнын бір жүйеге келтіруді, мектептің алғашқы сатысынан бастау керектігін және ойын әрекеті арқылы бастауыш мектептегі адамгершілік тәрбиесін өзгеше жаңаша тұрғыда қарау қажеттілігі бұл мәселенің теория мен тәжірибе жүзінде шешілу деңгейі арасында қарама-қайшылық тудырады. Бұл аталған қарама-қайшылықты шешу жолдарын бастауыш мектептегі зерттеу мынадай педагогикалық шарттарын анықтайды: ойын процесінде бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттердің қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұл мәселені зерттеу қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұрғысынан өз дәрежесінде жүргізілмеуі, жүйеліліктің болмауы - бұл жұмыстың көкейкестілігі болып табылады. Аталған қарама-қайшылықты шешу зерттеу жұмысының тақырыбын "Бастауыш мектеп оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу" деп таңдауға мүмкіндік берді.

...

Скачать:   txt (83.7 Kb)   pdf (233.6 Kb)   docx (54.9 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club