Бастауыш сынып оқушылырының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Автор: Akjarkyn Ayhojayeva • Апрель 24, 2022 • Курсовая работа • 5,669 Слов (23 Страниц) • 541 Просмотры
ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушылырының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Пәні: Педагогика
Орындаған: Қонысбаева Ж
Тобы: Ноо-18
Тексерген: Орынбасарқызы Ж
Ақтау,2022 жыл
Курстық жұмысқа тапсырма
Студенттің аты – жөні : Қонысбаева Жанар
Тобы: НОО-18
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ........................................................................................................3
I.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖƏНЕ ЖҮЗЕГЕ АСУ ЖОЛДАРЫ……………………………………
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың теориялық негіздері…………………..
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын дамыту жолдары
II. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ТƏЖІРИБЕЛІК ƏДІС - ТƏСІЛДЕР
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын анықтау………….
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру…………………….
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің егемен алып, тəуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі, саяси əлеуметтік өміріміздің басты буыны – білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Педагогика ғылымында мектеп мəселесіне арналған жалпы педагогикалық əдістемелік зерттеулер əлі де жеткіліксіз болуда. Сондықтан мектептегі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қалыптастыруда кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу педагогтардың тікелей жұмысына байланысты. Сондықтан мұғалім де сабаққа дайындалу кезінде əр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін əр оқушының белсенділігі мен қабілетіне қарап, мұқият беру керек. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда П. П. Блонскийдің сөзімен айтқанда “ бала білім мен толтырылатын бос ыдыс емес, ол – жануға тиісті шырақ. Ұстаз шырақшы ғана..” деген болатын. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана болып табылатын, субъективті жаңалық болып табылады.
Білім алуға барлық балалардың құқығы бар және де білім алуда өз ерекшелігімен көзге түсетін барлық балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі оның мектеп қабырғасында алған біліміне тікелей байланысты. Мектеп қабырғасынан алған білімі – балаға болашақта өз орнын тауып, барлық мүмкіндіктерді қолданып, алға қойған мақсатын жүзеге асыра алу кепілі болып табылады. Жалпы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру қазір басты мәселелердің бірі болып табылады. Ойлау процесі адамның іс әрекетін реттейді. кез келген әрекет ойлау қабілетісіз жүзеге аспайды. Сондықтан, баланың ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөл болып отыр. Соның ішінде баланың креативті ойлау қабілетін дамыту жан–жақты қаралуы тиіс. Креативтілік ағылшынның “ Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны білдіреді. Ғылымда креативтілікті анықтауда төрт бағыт жүреді: 1) Ол шығармашылық процесс; 2) Ол жаңа идеяны құрумен байланысты əрекет нəтижесі, яғни шығармашылық өнім; 3) Интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет; 4) Креативтілік – тұлғаның мінез-құлық ерекшелігі. Бұл дегеніміз креативті ойлау оқушының шығармашылық қабілетімен тығыз байланысты болады деген сөз. Бұл мəселе Л.В.Занков, Д.Б.Богоявленская, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев т.б еңбектерінде көрініс тапқан.
...