Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көру қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының жүру дағдыларының ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 17, 2018  •  Курсовая работа  •  5,536 Слов (23 Страниц)  •  1,662 Просмотры

Страница 1 из 23

Мазмұны

Кіріспе ...............................................................................................................2

  1. Көру қабілеті зақымдалған балалардың физикалық дамуы
  1. Көру қабілеті зақымдалған балалардың физикалық дамуының теориялық негіздері................................................................................5
  2. Көру қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының  жүру дағдыларының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы ..........8
  1. Көру қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының  жүру дағдыларының ерекшеліктері
  1. Көру қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының  жүру дағдыларының ерекшеліктері..............................................................12
  2. Көру қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының жүру дағдыларында кездесесетін ауытқулар...............................................15
  3. Көру қабілеті зақымдалған балалардың қозғалыс белсенділігін отбасында дамыту.................................................................................16

Қорытынды .....................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................22

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Арнайы және жалпы білім беретін мекемелерінің алдында тұрған маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық пайдалы еңбекке кіріктіру, үлкен өмірге дайындау.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11 бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген.

Мектептегі білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында да білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға көп көңіл бөлінген [2]. Қазіргі кезде тифлопедагогикада балалардың көру бұзылысын, оның әртүрлі салдарларын ерте жастан түзетуге аса назар аударылған. Кез-келген көру қабілетінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, сондай-ақ дұрыс жүру дағдысының қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Орыс тифлопедагогі, дәрігер-офтальмолог Скребицкий А.И. «...көру қабілетінен айырылған бала көбінесе, ауыр сырт келбетімен көзге түседі. Сүйектері, бұлшықеттері, буындары әлсіз: жүрісі сенімсіз; дене күйі, әсіресе, басын ұстауы нашар; бір қарағанда барлық әрекетінен ұялшақтық, сенімсіздік, әлсіздік байқалады»- деп жазған болатын.

Көру қабілеті бұзылған баланың физикалық дамуда артта қалуының себебі, көру қабілетінің, әсіресе, күрделі, терең бұзылысы баланың ерте жастан дамуын тежейді, ең алдымен, оның қозғалыс белсенділігімен байланысты қоршаған әлемді тануын тежейді. Көру қабілеті бұзылған балалар таныс емес кеңістікте қозғалудан қорқады, ал бұл өз кезегінде қимыл-қозғалыстың жалпы жетіспеуіне әкеп соқтырады.

Көру қабілеті бұзылған балалардың физикалық дамуын зерттеген бірнеше ғалымдар мұндай балаларда кездесетін келесі бұзылыстарды атап кеткен: қимыл әрекетінің аздығы, қозғалыс координациясының нақты еместігі, оларды орындау темпінің төмендеуі, ырғақтылығы мен нақтылығының болмауы.

Ауыр көрінетін патологиясы бар балалардың физикалық дамуының тағы бір маңызды ерекшелігі - «интрузивтік» (стереотипті) қозғалыстардың болуы, оның пайда болуы соқырлардың қозғалтқыштық саласындағы жалпы кешігумен байланысты.

Көру қабілеті бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі заманауи педагогикалық тәжірибелердің негізінде зерттелді. Осы санаттағы балалардың физикалық жағдайына байланысты, омыртқа сүйектерін түзетуге арналған жаттығулар, жалпақ табандылықтың алдын-алу іс-шаралары кезіндегі  педагогикалық әсерін анықтау орнықтырылған.

 Адамдардағы көру қабілеті бұзылуы кеңістікті  бағдарлау кезіндегі елеулі қиындықтарды, қозғалу белсенділігінің азаюын, физикалық және психикалық дамуы кезіндегі ауытқушылықты шақырады [4]. Зерттеушілердің пікіріне сәйкес, көбінесе бұл балалардағы тірек-қимыл жүйесіндегі өзгерістер, омыртқа сүйектерінің қисаюы, сколиоз бен табан сүйектерінің жалпаюы кездеседі. Демек, осы санаттағы балалардағы өсуі кезіндегі ерекшеліктер мен физикалық қасиеттердің дамуына бағытталған бірегей тәсілдер пайдаланылады.  Дегенмен, көру қабілеті нашар балаларды физикалық тәрбиелеудегі туындайтын сұрақтар мен физикалық тәрбиелеудегі әдістер мен олардың қолданылуы туралы ақпарат көздері табылмады. Көптеген ақпарат көздерінің  талдау нәтижелері бойынша, қазіргі уақытта жинақталған тәжірибелерді жүйелендіретін ешқандай әрекет жасалмады.

...

Скачать:   txt (82.5 Kb)   pdf (256.6 Kb)   docx (37.7 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club