Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін тиімді ұйымдастыру жолдары
Автор: MOIYA12 • Май 11, 2022 • Курсовая работа • 5,878 Слов (24 Страниц) • 536 Просмотры
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ__________________________________________________________3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. «Зерттеу», «зерттеушілік», «зерттеу әрекеті» ұғымының жалпы сипаттамасы__6
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін тиімді ұйымдастырудың маңызы, мақсаты, міндеттері _______________________________________________8
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін дамыту__________________________________________________________________ 9
II-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін тиімді ұйымдастыру жолдары________________________________________________________________ 13
2.2. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды жаратылыстану, дүниетану пәнінде зерттеушілік әрекетіне баулудың тиімді әдістері______________________________ 16
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. _____________________________________________19
IV.ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________________29
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР___________________________________30
VI. ҚОСЫМША________________________________________________________31
КІРІСПЕ
Өзектілігі.Болашақ – білімді жастардың қолында. Кез келген елдің, мемлекеттің дамуы, гүлденіп, жайқалуы, өсіп-өркендеуі сол елдің жастарына байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтыңқайнар көзі – Жастарда» екенін еске сала отырып, олардың сапалы, қолжетімді білімалуына жағдай жасалуы керектігін өз жолдауларындағы маңызды әрі басты мәселелердің бірі екенін айтқан. Бүгінгі таңда қоғамның дамуына ондағы болып жатқан үлкен өзгерістерге байланысты білім беру жүйесінің алдында жаңа талаптарға сай дайын білімді, дағдыларды қайталайтын емес, өзінің саналығымен, біртумалығымен ерекшеленетін жаңа идеялар иесін, ашқан жаңалықтарын, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарға сай қолдана алатын, ойлаудың сындарлық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты бірқатар кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау екендігі атап көрсетілген. Соның бірі – бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысы [1].
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруда оқушыларды зерттеу жүргізу жұмыстарына баулу, зерттеушілік әрекетін дамыту, зерттеу ізденісін арттыру, ой-пікірінің белсенділігі мен дербестігін кеңейту, танымдық қызығушылығын арттыру – осы міндетті шешу жолында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер. Бұл іс-әрекеттерді жүзеге асыру нәтижесінде негізгі мақсат біліктілігі қалыптасқан, қоғамға бейімді жас ұрпақ, жаңа буын тәрбиеленеді.
Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған заманында өмірге икемді, зерттеу іс-әрекеті мен зерттеушілік қабілеті жоғары, әр салада ойлау деңгейі қалыптасқан, тыңнан жол таба алатын белсенді азамат негізгі бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде қаланады. Осы мақсатта оқушы әрекетін тек дайын білімді қабылдауға ғана емес, өз бетімен ізденуіне, белсенділік танытуына, зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуына бағыттау қажет. Зерттеушілік әрекеттерінің қалыптасып, дамуы оқушының жаңа жағдаяттарға байланысты білім, біліктерін қолдана білуден, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре алудан, мәселенің белгілі шешімімен қатар өзгеше, тиімді әдістерін іздестіруден және таба білуден көрінеді. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән қабілет емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білімі, білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі. Зерттеушілік әрекетті қалыптастыру теорияларын Дж. Равен, Э.Б. Жалолова, А.В. Хуторской, А.К. Маркова, И.А. Зимняя, В.А. Болотов, С.Е. Шишов, А.И. Субетто, А.И. Савенков, және тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінде түрлі аспектілерде қарастырылған.
...