Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Міндеттеменің басты талабы ретінде міндеттемені орындау

Автор:   •  Май 13, 2018  •  Курсовая работа  •  19,262 Слов (78 Страниц)  •  944 Просмотры

Страница 1 из 78

Міндеттеменің басты талабы ретінде міндеттемені орындау

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Міндеттеме туралы жалпы ережелер...........................................................6

1.1 Міндеттемелер ұғымы, элементтері және оның басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы...........................................................6

1.2 Талап ету құқығын беру және қарызды аудару..................................14

1.3 Міндеттеменің тоқтатылуы..................................................................21

2. Міндеттеменің орындалуын құқықтық қамтамасыз ету......................29

2.1 Міндеттемелерді орындау. Орындау пәні бойынша міндеттемелердің түрлері......................................................................29

2.2 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері..................38

2.3 Азаматтық-құқықтық міндеттемелердегі жауапкершіліктің ұғымы мен мәні......................................................................................54

Қорытынды.....................................................................................................60

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64

Кіріспе

Азаматтық құқық – бұл қазақстандық құқық салаларының ішіндегі қоғам өмірінде мейлінше маңызды роль атқаратын салалардың бірі. Біз өміріміздегі кез-келген күннің оқиғаларын есімізге түсіретін болсақ, бұндай оқиғалардың ішінен азаматтық-құқықтық тәртіптегі құбылыстардың белгілі бір маңызды орын алатынын байқауымыз қиынға соқпайды. Біз оқу орнына не жұмысқа, т.с.с. жерлерге жеткізетін автобуста жолақысын төлей отырып, тасымалдау шарты бойынша қатынастарға түсеміз. Ғимаратқа келген соң сырт киімімізді киім ілгішке тапсыра отырып, сақтау шартын жасасамыз. Киімдерімізді химиялық тазалауға тапсыруымыз үшін біз мердігерлік шартын жасасуымыз керек. Мейрамханадан немесе асханадан тамақтана отырып, біз сатып алу-сату шарты бойынша қатынастарға түсеміз.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы тараптар үшін белгілі бір міндеттемелерді туындатады. Негізінен, міндеттемелер қоғам өмірімен, адам өмірімен тығыз байланысты болады. Әрине, белгілі бір кемшіліктер немесе құқық бұзушылықтар орын алмаған болса, біздер әдетте өзіміз түсіп отырған қатынастардың заңдық табиғаты туралы ойланбайды екенбіз. Алайда оқиғалардың қалыпты қозғалысы бұзылғанда кезде, дереу бұл қатынастардың құқықтық сипаты туралы мәселе туындайды: олардың қатысушылары бір-біріне түрлі талаптар қоя бастайды, міндеттемені тиісінше орындауын талап етеді, құзырлы мемлекеттік органдардан көмек сұрап жүгінеді, осылайша өздерінің құқықтарын қорғауды талап етеді.

Мен дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы мен оның азаматтық-құқықтық сипаттамасын таңдап алдым. Басқа да посткеңестік мемлекеттермен қатар, Қазақстан экономикалық өмірді басқарудың бұйрықтық-әкімшілік әдістерінен бас тартты. Бүгінде елімізде экономиканы басқарудың нарықтық қағидалары бекімін тапқан. Қатысушылардың теңдігі бұл аталған нарықтық қатынастардың өзегі болып танылады. Банктік қызмет, Қазақстан Республикасының шетелдік инвестицияларды тартуы, сыртқы экономикалық қызмет, жерге, сондай-ақ оның қойнауына құқықтар т.б. салаларда дамуы нақ осы нарықтық қайта құрылумен байланысты. Олардың нәтижелілігі нарықтың басты құқықтық құралымен, яғни азаматтық құқықпен тікелей байланысты болады.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың көпшілігі міндеттемелерге сүйене отырып өрбиді. Аталған нарықтық қатынастарға түскен кезде, осы қатынастарға қатысушылар өзара жасасқан шарт негізінде белгілі бір міндеттемелерді атқаруы тиіс болады. Жалпы

...

Скачать:   txt (294.5 Kb)   pdf (251.4 Kb)   docx (94.8 Kb)  
Продолжить читать еще 77 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club