Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жер ғаламшарлық жүйе ретінде

Автор:   •  Апрель 15, 2018  •  Курсовая работа  •  7,502 Слов (31 Страниц)  •  950 Просмотры

Страница 1 из 31

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

География кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:   Жер ғаламшарлық жүйе ретінде

Орындаған: 01210-топ студенті

Тексерген: магистр Жармағанбетова Н. С

Орал 2015ж

Жоспар

Кіріспе...................................................................................................................3-4

І. Жер – Күн жүйесіндегі ғаламшар.

1.1. Галактика туралы................................................................................5-6

1.2.Күн. Күн жүйесі...................................................................................6-7

1.3Күн жүйесі планеталарының қозғалысы..........................................8-11

ІІ. Жер формасының өлшемі.

2.1. Жер-шар. Жердің шар тәрізді дене болуының географиялық маңызы.........................................................................................................12

2.2. Жер сфероид....................................................................................13-14

2.3. Жер геоид.........................................................................................15

ІІІ. Жердің қозғалысы.

3.1 Жердің тәуліктік айналуы және оның географиялық қабық үшін маңызы....................................................................................................16-18

3.2 Жердің күнді жылдық айналуы және оның географиялық маңызы..................................................................................................19-22

ІV. Жердің ішкі құрлысы

4. 1. Жердің ішкі құрлысы туралы жалпы түсінік..............................23-24

4.2. Жер қыртысы туралы түсінік........................................................25-26

Қорытынды..........................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Кіріспе

География – жердiң географиялық қабығын,  табиғи және өндiрiстiк географиялық кешендерді және олардың компоненттерiн зерттейтін табиғи (физика-географиялық)  және қоғамдық (экономика-географиялық ) ғылымдардың жүйесі. География (грек. ge — Жер және graphо — жазу) — Жердің географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-өндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі. Географиялық зертеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғыл. негіздерін жасау.

Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша, Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің центрінде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Греция ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ак Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи центрі болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды. Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді.

...

Скачать:   txt (106.1 Kb)   pdf (658.7 Kb)   docx (261.7 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club