Фармацияда ботаника пәнінің маңызы.Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы.Дәрілік зат ретінде жасуша шырынын қолдану
Автор: aryjan.11 • Февраль 3, 2018 • Реферат • 2,737 Слов (11 Страниц) • 2,895 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
ФГЗ және химия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Фармацияда ботаника пәнінің маңызы.Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы.Дәрілік зат ретінде жасуша шырынын қолдану.
Орындаған:Адилхан С.Ғ.
Тобы:102-ФКА
Қабылдаған:Сейдалиева С.
Жоспар
I)Кіріспе
II)Негізгі бөлім
1) Фармацияда ботаника пәнінің маңызы
2) Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы
3) Дәрілік зат ретінде жасуша шырынын қолдану
III)Қорытынды
IV)Пайдаланылған әдибиеттер тізімі
Кіріспе
Ботаника-өсімдіктер туралы ғылым.Ол олардың құрылысын,тіршілігін,таралуын,алуан түрлігінің және т.б. зерттейді.Ботаника деген сөз «ботанэ» деген грек тілінен келіп шыққан.Ол өсімдік, шөп деген мағына береді.Ботаника-тірі организмдерді зерттейтін ғылымдар комплексі-биологияның негізгі бір тарауы.
Өсімдіктер-жануарлар және т.б. организмдер сияқты тірі дүниенің бір бөлігі.Бізді қоршаған орта екі формада болады-тірі дүние және жансыз дүние.Тіршілік дегеніміз тірі дүниенің өмір сүру формасы.
Ботаника ғылым ретінде б.э.д.IV-V ғасырларда пайда болған.Оның атасы ретінде ежелгі грек оқымыстысы,ұлы Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктер турала бірнеше кітаптар жазған.Біздің эрамыздың ХV ғасырына дейін ботаниканың дамуына медицина және егіншілікпен айналысу өз ықпалын тигізіп келеді.Бұл кезеңдерде ботаниканың дамуына күш салып,аса көп жұмыс жүргізгендердің ішінен Плиний Старшийді және т.б. атауға болады.
Фармацияда ботаника пәнінің маңызы
Ботаника ғылымы биологияның басқа да салаларымен тығыз байланысты.Оның ауыл шаруашылық ғылымдарымен де,фармациямен де байланысы зор,себебі ботаника бұл ғылымдар үшін теориялық негіз болып саналады.Фармация-дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылатын шикізаттар туралы ғылым.Қазіргі кездегі шығарылатын дәрі-дәрмектің 30 пайызы арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан жасалады.Ал кейбір нақтылы ауруларды емдеуге арналған препараттарды алатын болсақ,мысалы, жүрек ауруларын,бауыр және ас қорыту жолдарының ауруларын,ішек құрттарына қарсы қолданылатын,қақырық түсіруші және т.б.Өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектердің мөлшері 75-80%-ға дейін жетеді.Сондықтан болашақ фармация мамандары (провизорлар) ботаника пәнін жақсы игеруі қажет,себебі олардың келешектегі кәсіптік қызметі дәрі жасауға шикізат болып табылатын дәрілік өсімдіктерді жинау,олардың сапасын анықтау,оларды қорғаумен байланысты.Сонымен қатар,ботаника пәні фармакогназия пәнін жақсы игеруге де қажет.
Емдік шикізат ретінде өсімдік маңызы
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, оны-
мен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
...