Ақпараттандыру қоғамның дамуындағы факторы ретінде
Автор: shakida • Март 3, 2018 • Курсовая работа • 8,835 Слов (36 Страниц) • 1,122 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе 3
І Ақпараттандырудың жалпы сипаттамасы 4
1.1 Ақпараттандырудың тарихы және аспектілері 5
1.2 Қоғамды ақпараттандыру 6
1.3 Ақпараттандырудың техникалық құралдары 8
1.4 Ақпараттандырудың адамдарға әсері 15
ІІ Ақпараттандыру қоғамның дамуындағы факторы ретінде 15
2.1 Ақпараттандырудың рөлі мен маңыздылығы 16
2.2 Ақпараттандырудың білім жүйесіне тигізетін әсері 17
2.3.Ақпараттандыру процестерінің Қазақтанның білім беру жүйесіндегі орны 18
2.4 Ақпараттандыру процестерінің жастар таңдауындағы әсері 19
ІІІ Компас туралы мәліметтер 21
Қорытынды 27 Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Өркениеттің даму тарихында бірнеше ақпараттық революциялар болды. Олар: Ақпаратты өңдеу саласындағы түбегейлі өзгерістер, әлеуметтік қатынастарды түбегейлі өзгерту барысындағы өзгерістер. Мұндай трансформация салдары, адамзат қоғамының жаңа сапасынын пайда болуы болып табылады.
Бірінші революция жазу өнерімен тығыз байланысты, соның нәтижесінде сандық және сапалық алып секіріс болды. Жазбаша өнертабысқа байланысты ұрпақтан ұрпаққа білім беру мүмкіндігі пайда болды.
Екінші революция (XVI ғасырдың ортасы) Кітап басып шығару өнерінің туындауы. Ол өз кезегінде индустриялық қоғамның, мәдениеттің, өндірістердің өзгеруіне септігін тигізді.
Үшінші революция (ХІХ ғасырдың соңы) Электр энергиясының пайда болуымен тығыз байланысты. Соның арқасында тез уақытта кез-келген көлемдегі ақпаратты беруге және сактауға мүмкіндік беретін байланыстар - телеграф, радио, телефон құрылғылары жарыққа шықты.
Төртінші революция (ХХ ғ.70 жылдары) микропроцессорлық технологиялар мен жеке компьютердің пайда болуымен байланысты. Микропроцессорлардың және интегралдық схемалардың көмегімен компьютерлер, компьютерлік желілер, деректер беру жүйелері (ақпараттық-коммуникациялық) жасалынады.
Ақпараттық технологиялар (IT) - Белгілі процестің, объекттің сапасын білу үшін, ақпарат алатын құралдар мен әдістердің, өңдеу және деректер беру процестерінің жиыны.
Телекоммуникациялар - компьютерлік желілер мен қазіргі заманғы коммуникациялық технологиялар негізінде қашықтықтан деректерді беру.
Компьютерлік технологиялар мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы әртүрлі ақпаратты пайдалануға негізделген қоғамның дамуына әкеліп соқты. Соның нәтижесінде ақпараттық қоғам түсінігі пайда болды.
Осы курстық жұмыстың өзектілігі - қазіргі замандағы қоғамда, ақпараттандырудың әрбір адам өмірінде маңызды роль атқаруы болып табылады. ХХІ ғасырда, тек ақпараттық технологияларды жақсы меңгеріп, білімді адам болуға болады. Қазіргі таңда мемлекеттің деңгейін сол елдің ақпараттық ресурстарына қарап анықтауға болады. Ақпарат - адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің айрықша түрі. Ақпараттандыру - қазіргі қоғамды басқару мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іргелі іс-шаралар жүйесі.
...