Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халық табысы тұрмыс деңгейінің көрсеткіші ретінде

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Статья  •  719 Слов (3 Страниц)  •  1,542 Просмотры

Страница 1 из 3

Халық табысы тұрмыс деңгейінің көрсеткіші ретінде

«Халықтың тұрмыс деңгейі» категориясының бір мәнді анықтамасы жоқ, сондықтан да оның статистикалық сипаттамасы үшін қажет көрсеткіштер тізімі де пікірталас тудырады. Тұрмыс деңгейі жекелеген адам, отбасы не әлеуметтік топ ие болатын тауарлар мен қызметтер жиыны ретінде анықталатын тәсіл кең тараған. Сонымен қатар, тұрмыс деңгейінің маңызды индикаторларының бірі болып тауарлар мен қызметтерді, түрлі активтерді алу мүмкіндігін анықтайтын үй шаруашылықтарының табыстық көрсеткіштері табылады. Табыстар тұтыну шығындары мен болашақ шығын көзі болып табылатын жинақты не болмаса, тұрмыс деңгейіне әсер ететін қаржылық активтер мен мүліктерді иемденуді қаржыландыру үшін қолданылады.

Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын жалпы ортақ көрсеткіш болмағандықтан, оны талдау үшін бірқатар статистикалық көрсеткіштер есептеледі және оларды келесідей топтауға болады:

  • халықтың табыс көрсеткіштері;
  • материалды игіліктер мен қызметтерді тұтыну және шығын көрсеткіштері;
  • жинақтар;
  • халық табысын саралау көрсеткіштері;
  • әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер;
  • халықтың тұрмыс деңгейінің жалпы бағалаулары.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер зерттелініп отырған категорияның көбіне сандық жағын көрсететінін айта кету керек. Халықтың тұрмыс деңгейінің сапалық сипаттамасы үшін өмір сапасы жөнінде көрініс беретін әлеуметтік статистика көрсеткіштерін қолдану қажет. Олардың қатарына негізгі демографиялық статистика, денсаулық сақтау, тұтынылатын азық-түлік өнімдерінің құрамы мен сапасы, сауаттылық деңгейі мен мәдениет дәне білім беру аясының жағдайы, т.б. көрсеткіштері жатады. Көрсетілген көрсеткіштер халықтың әл-ауқатын толығырақ сипаттау үшін қолданылады.

Халық табысы нақты бір уақыт аралығында үй шаруашылықтарымен алынған немесе өндірілген ақшалай не табиғи құралдар жиынтығын білдіреді. Табыстар жұмысшы еңбегі мен басқа көздер есебінен құрылады. Олардың тұрмы деңгейді бағалаудағы рөлі халықтың тұтыну деңгейі мен құрылымының табыс шамасына тәуелділігімен анықталады.

Қазақстан Республикасының статистикасында көрсетілетін көрсеткіштердің бірі болып халықтың ақшалай табыстары табылады. 2005-2015 жылдар аралығы үшін көрсеткіштер келесі 1 суретте бейнеленген.

Сурет 1. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге

[pic 1]

Ескерту – ҚР статистикасы бойынша Агенттігінің деректерінің негізінде құрылған

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көрсеткіштері 2005-2015 жылдар аралығында өспелі екені графиктен көрініп тұр. Көрсеткіш 15787 теңгеден 67321 теңгеге дейін жоғарылаған.    

Келтірілген деректерді қарастыра отырып, халықтың ақшалай шығыстарын да ескеру қажет.

Сурет 2. Орташа жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары, теңге

[pic 2]

Ескерту – ҚР статистикасы бойынша Агенттігінің деректерінің негізінде құрылған

Жоғарыдағы графиктен байқағанымыздай, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстары да өсу тенденциясын көрсетіп тұр.

Халықтың басым бөлігі үшін негізгі табыс көзі болып еңбектері үшін ақы түріндегі жалақылары табылады. 1 кестеде ҚР аймақтары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы көрсетілген.  

Кесте 1. Өңірлер бойынша жұмысшылардың орташа айлық атаулы жалақысы

Өңірлер

2011

2012

2013

2014

2015

2016

4 тоқсан

Қазақстан Республикасы

90 028

101 263

109 141

121 021

126 021

  154 632

Ақмола

64 495

74 685

79 127

85 412

89 176

  114 462

Ақтөбе

79 878

90 241

96 575

106 265

106 778

  127 114

Алматы

67 638

77 320

81 596

89 283

90 445

  110 809

Атырау

165 975

180 406

192 356

221 664

225 121

  266 024

Батыс-Қазақстан

87 503

90 728

98 360

108 223

116 798

  141 921

Жамбыл

61 825

72 296

76 742

81 874

85 298

  102 722

Қараганды

77 940

92 382

99 339

107 821

113 905

  136 262

Қостанай

67 252

76 647

83 451

90 602

93 560

  118 880

Қызылорда

81 518

93 361

98 813

104 485

106 332

  123 362

Маңғыстау

151 041

157 358

183 914

222 294

234 007

  273 762

Оңтүстік-Қазақстан

67 721

75 467

78 705

84 550

85 693

  107 740

Павлодар

75 338

85 844

93 639

102 310

108 630

  134 035

Сотустік- Қазақстан

61 712

68 921

74 853

81 062

84 324

  104 385

Шығыс-Қазақстан

73 677

84 872

90 263

99 130

103 028

  133 648

Ескерту – ҚР статистикасы бойынша Агенттігінің деректерінің негізінде құрылған

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (150.3 Kb)   docx (77.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club