Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыснаманың ғылым ретінде ұғымы. Қылмыснама пәні

Автор:   •  Март 16, 2018  •  Контрольная работа  •  1,952 Слов (8 Страниц)  •  1,932 Просмотры

Страница 1 из 8

Жоспар

1.Қылмыснаманың ғылым ретінде ұғымы. Қылмыснама пәні.

2.Қылмыснама ғылымының мақсаттары, міндеттері, функциялары.

3.Қылмыснама курсының жүйесі. Қылмыснаманың Жалпы және Ерекше    бөлімдері.

4.Қылмыснаманың ғылым жүйесіндегi орны.

5.Қылмыс әдістемесі

1. Қылмыснама (Криминология)- бұл қылмыс туралы ілім (латынның crime – «қылмыс» және гректің logos- «ілім»). Уақыт өткенсін бұл сөздің мәні кең қарала бастады, және қазіргі кезде ол қылмыстық туралы ғылым ретінде түсініледі.

        Қоғамдық ғылым ретінде, қылмыснама қылмыстық пен қандай да болсын байланыстағы әлеуметтік құбылыстардың және процестердің және оның пайда болу табиғатының кең түптерін оқып-таниды. Оқып-танитын қоғамдық құбылыстарының көптеген түріне қарамастан қылмыснаманың ғылым ретіндегі негізін оның пәні құрады, яғни ол дәл нені оқып-таниды деген сұраққа жауап.

        Қылмыснама – бұл қылмыстықты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейтін, мәнін және оның көрінетін нысандарын, пайда болу заңдылығын, іс жүзінде болуын және өзгеруін; оның себебін және басқа детерминанттарын (олар құбылысты тудыратын олардың өмірде болуының байланысын нақты факторларды), қылмысты жасайтындардың жеке басын; қылмысты алдын алу шарттарының жүйесін әлеуметтік-құқықтық жалпытеориялық және қолданбалы ғылым.

        Сонымен, қылмыснама пәнінің негізгі элементі ерекше әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде қылмыстық болады. Бірақта қылмыстықтың өзі көлемімен (жағдайымен),қарқындылығымен (деңгейімен), динамикасымен, құрылымымен, зардаптарымен және басқа белгілерімен сипатталатын өте күрделі әлеуметтік құрылым болып көрінеді.

        Қылмыснамамен шешетін екінші міндет қылмыстық неге пайда болды  және іс жүзінде болатыны, оған не жарамды негіз болады, қылмыстықтың көздері неде деген сұрақтарға жауап беруге арналған, яғни қылмыстықтың қоғам өмірімен күрделі байланысын және оның қайшылығын анықтауға бағытталған.

        Қылмыстық – бұл тек қылмыснамалық түсінік емес, бірақ сезімділікті және еріктілікті таситын болатын, нақты адамдардың қылмыстық әрекеттерінде көрінетін және табылатын реалды әлеуметтік негативті құбылыс. Сондықтан, қылмыс жасаған адамдардың жеке басын оқып-танымай қылмыстық туралы қандай да болсыг толық және шындық білім алуға болмайды.

        Ақырында, қылмыснама қылмыстықты алдын алу проблемаларын оқып-таниды – көпдеңгейлі сипат алатын және осы негативті қоғамдық қауіпті құбылысты жеңу мақсатын қойятын әлеуметтік реттеудің, басқарудың және бақылаудың ерекше облысы.

        2. Қылмыснаманың пәнінен оның мақсаты, міндеттері және функциялары шығады.

        Қылмыснаманың теориялық мақсаты қылмыстықты оқып-тану және танудың қорытындысында болашақ ғылыми қызметінің нәтижесінің моделін құруда болады.

        Практикалық мақсаты қылмыстық пен күресудің нәтижесін көтері бойынша ғылыми мінездемелерді және конструктивтік ұсыныстарды шығаруда көрінеді.

        Қылмыснаманың перспективалы мақсаттары криминогендік факторларды жеңу және бейтарап қалдыру өз уақытында рұқсат ететін қылмыстықты алдын алудың әржақты және бұранды жүйесін құруда болады.

        Жақынғы мақсаттар, ережеде, қылмыстықпен күресу облысындағы күнделік ғылыми және практикалық жүмысты іске асырумен байланысты, оның алдын алуымен, криминогендік жағдайдағы барлық өзгерістерге жедел және и кемді құлақ салумен және бұл процеске сәйкес өзгерістер кіргізумен.

        Қылмыснама ғылымының мақсаттарынан оның міндеттері шығады, оларға қатыстыруға болады:

        Қылмыстық туралы объективтік және шындық білім алу, бұрын және қазірдегі оның көлемі (жағдайы), қарқындылығы (деңгейі), құрылымы және динамикасы;

        Қылмыстық түрлерін қылмыснамалықлық оқып-тану (алғашқы, қайталану, күштеген, пайдакүнемдік; ересектердің қылмыстығы, кәмелетке толмағандардың және т.б.) олармен дифференциялық күрес жүргізу үшін;

        Қылмыстылықтың себептері мен шарттарын ашу және ғылыми оқып-тану;

        Қылмыскердің жеке басын және онымен қылмыс жасау механизмін оқып-тану, қылмыстық әрекеттердің әр түрлерін жіктеу және қылмыскерлердің жеке басының типтерін;

...

Скачать:   txt (25.9 Kb)   pdf (127.5 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club