Себептілікті әлеуметтік орта мен жеке бастың өзара әрекеттестігі ретінде қарау
Автор: anarospanova • Апрель 17, 2019 • Курсовая работа • 23,872 Слов (96 Страниц) • 883 Просмотры
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қылмыстылықпен күресу барысындағы теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеуге арналады. Іздеу қызметінің үдерісіндегі іздеу шараларының түрлері мен олардың жүзеге асырылуы, сонымен қатар, қылмыстарды ашу мен тергеу барысындағы іздеу қызметін жүзеге асырушы жедел-тергеу топтарының ұйымдастыру-басқарушылық ерекшеліктері кеңінен талданады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық мемлекет Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламасы бойынша, бүгінгі саяси өмірдің маңызды мәселелерін алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. «Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Мемлекеттің, халықтың сана-сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі, мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі, мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру. Оны мемлекет және қоғамдық өмірде нағыз негіз етіп қою. Өткен саяси өмірде мемлекет мүддесі халық мүддесінен, басым болған, ал қазіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды» /1, 3б/.
Біздің мемлекеттің, ең маңызды міндеті – мемлекеттің азамат алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы құқығын қамтамасыз ету. Мемлекетіміздің маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурорлық бақылауды, әділет және ішкі істер басқармаларының жұмысын жақсарту. Еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың қолдау, қуаттауын пайдалана отырып, мемлекеттік органдар мемлекеттік меншікті, жеке адамның меншігін сақтау үшін барлық күш жігерін салу қажет. Қылмыспен қатаң күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын алу қажет және құқық бұзу себептерін жою қажет.
Қылмысты іздестіру бөлімі, сот, прокуратура, қылмысты болдырмау заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, жасалған қылмысты тез арада нақты, кінәлілерімен қоса анықтап, заңды жазалауды көздейді. Сол себептен мұнда қылмыстың қылмыс екенін анықтау үшін қылмыстылықтың жалпы сипаты мен түсінігін терең ұғыну қажет. Сондай-ақ қылмыстылық детерминациясы қоғамдағы, мемлекеттегі, аймақтағы қылмыстылықтың, белгілі бір әлеуметтік топ өкілдерінің қылмыстылығының, қылмыстылықтың кейбір түрлерінің, жеке қылмыстық әрекеттің қандай да бір кезеңде дамуын зерттейтіндіктен, қылмыстылық себептерін анықтау да маңызды болып келеді.
Қылмыстылық себептері мәселесі өкінішке орай кеңестік құқық әдебиетінде барынша терең идеологияланған және шиеленіскен мәселе болды. Аталған мәселенің өзінің күрделі болуы да оған айта қаларлықтай ықпал етті.
Қылмыс барынша кең таралған әлеуметтік құбылыс бола отырып қоғамдық өмірдің әртүрлі өрісіне әсер етеді және сан алуан түрдегі процесстермен сабақтастырылады. Олар белгілі бір мемлекеттің аумағында ғана емес, жекелеген аймақтардың ішінде де жоғарғы деңгейдегі динамизммен ерекшеленеді. Сондықтанда қылмыстылық сияқты құбылысты туындататын қандайда болмасын нақты бір себепті атап көрсету біздің ойымызша дұрыс болмаған болар еді.
Сонымен қатар нақты, дербес түрдегі қылмыстың, жекелеген қылмыс түрлерінің, жаппай құбылыс түріндегі қылмыстылықтың себептерін ажыратып көрсету қажет болады.
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заң да осы әлеуметтік себептерге орай пайда болады. Қылмыстық-құқық саласында қалай да қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық деп санайды.
...