Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде
Автор: estetika9 • Март 30, 2018 • Реферат • 55,693 Слов (223 Страниц) • 1,681 Просмотры
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір бөлігі ретінде
«Әлеуметтік технология», «әлеуметтік жұмыс технологиясы», «әдіс», «әлеуметтік жұмыстың әдістері» ұғымдарына және олардың өзара байланысына тоқталып өтеміз.
Технология (грек тілінен techne - өнер, шеберлік, logos - оқу, үйрену) - өңдеу құралдары мен тәсілдері туралы және объектіні сапалы қайта қалыптастырудағы білім жүйесі болып табылады. Елдегі орын алып отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық төңкерістер қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың өсуіне, байлар мен кедейлер табысының арасындағы елеулі айырмашылықтарын, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен әлеуметтік қысымның жоғарылауы мәселелеріне алып келеді. Мұндай жағдайларда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қызмет кеөрсету жеткіліксіз болып саналады.
Сондықтан да, әлеуметтік жұмыс жүйесі қайта жаңартуды, реформалауды талап етті. Бұл дегеніміз әлеуметтік қызмет мамандарын қайта дайындықтан өткізу, олардың кәсібилігін жоғарлату және іс жүзінде әлеуметтік жұмыстың қазіргі тиімді технологияларын қолдану болып табылады.
Алғашқыда технологияның анықтамасы тек қана өндірістік саладағы іс-әрекеттерге, яғни табиғи өнімді игеруге бағытталған болды. Ал қазіргі уақытта технология ұғымының мағыналық кеңістігі айтарлықтай кеңейді, және мазмұны да зерттеу объектісіне әлеуметтік процестер технологиясын қосу арқылы толықты.
Материалдық өндіріс саласында технология ұғымы көпжылдық қалыптасқан дәстүрге байланысты теоретиктер мен практиктер тарапынан ешқандай күдік, сенімсіздік тудырған жоқ, ал, әлеуметтік саланы технологизациялау, «әлеуметтік технология» ұғымы қоғамда көп уақытқа дейін қолдау тапқан жоқ. 70-ші жылдардың ортасында да әлеуметтік саланы технологизациялау мүмкіндігінің өзі біршама күдік туғызды.
«Әлеуметтік технология» ұғымын алғашқы рет толығымен қарастырған еңбек 1976 ж болгар ғалымы - Николь Стефановтың «Қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтік технологиялар» монографиясы болды. Автордың айтуы бойынша, әлеуметтік процестер технологизациясы - адамды, іс-әрекеттер құрылымымен, яғни әлеуметтік технологиялардың мәні білімді, тәжірибемен адамның дағдыларын, әлеуметтік қатынастары мен процестерін қайта қалыптастырумен түсіндіріледі деді.
Н.Стефановтың тұжырымдауынан кейін қоғамтанушылар әлеуметтік саланы технологизациялау мәселесін белсенді түрде зерттеуге кірісті.
70-ші жылдың екінші жартысынан бастап, қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік технологиялармен байланысты мәселелерді ғылыми зерттеу белсенді түрде жалғасуда. Әлеуметтік технология мәселесін ғылыми зерттеу оның мәнін анықтау болып табылады.
Осылайша, әлеуметтік технологияның күрделілігі мен көп жылдығын зерттеудің әр түрлі бағыттары әлеуметтік технологияның мәнін анықтайтын көптеген анықтамалар берді. Олардың ішінде әлеуметтік технология: «басқару, реттеу тәсілі және әлеуметтік процесті жоспарлау» ретінде, «өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін және іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік жобалаудың соңғы өнімі» ретінде, «қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер, тәсілдердің жиынтығы» ретінде, қойылған мақсатқа жету құралы және қоғамдық мәселені шешуге бағытталған тәсілдерін сипаттайтын әлеуметтанулық категория сияқты трактовкаларды айтуға болады.
Әлеуметтік технология және әлеуметтік жұмыстың технологиясының объектісі болып әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік процестер табылады.
Алайда, әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыстың технологиясымен шектелген терең, ішкі пәнаралық өзара байланыс ортақ зерттеу объектісін анықтайды және негіздейді.
Әлеуметтік технология мен әлеуметтік жұмыс технологиясының өзара байланысын түсіндіру үшін, оларға анықтама берейік.
Әлеуметтік технологиялар – адам өміріндегі әлеуметтік қатынастар мен процестерді реттеу және қайта қалпына келтірудің тиімді тәсілдері, сонымен қатар, олар тәжірибеде алгоритмді қолданудағы білім жүйесі болып табылады.
...