Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтану ғылым ретінде. Саясаттану – ғылым және оқу пәні ретінде

Автор:   •  Апрель 24, 2018  •  Лекция  •  49,283 Слов (198 Страниц)  •  1,348 Просмотры

Страница 1 из 198

Ф. 7.03-03

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы

Шымкент 2017ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасы

Т.Е. Тұмашбай

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы

Шымкент, 2017ж.

ӘОҚ 32.001 (076)

Құрастырушылар: Тұмашбай Т.Е.

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы. Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2017ж. 183 бет.

Дәрістер жинағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ОӘК 27.06.2016 жылы, Хаттама №6 бекіткен «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған және  студенттердің дәріс сабақтарына дайындалуы үшін барлық  мәліметтерін қамтиды.

Университеттің күндізгі, кешкі, сыртқы бөлімінде оқитын студенттері үшін дайындалған.

Рецензент:

Корганова С.С. философия ғылымының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының доценті.

Сағындықова Б. әлеуметтану ғылымының кандидаты. ОҚМПИ, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.

«Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының мәжілісінде талқыланып,  Хаттама №_______ ____ 2017ж және  «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралған. Хаттама №_______ ____ 2017ж.

Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік  Кеңесі ұсынған, хаттама №  «_________» ________2017ж.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2017ж.

Шығаруға жауапты: А.К. Тәжі


Кіріспе

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері арнайы ғылыми зерттеу саласы ретінде оқытылып келуде. «Әлеуметтану және саясаттану» пәнін оқыту қажеттілігі қазақстандық қоғамның жаңа ашық, демократиялық қоғам деңгейіне көтерілуі, әлемнің дамыған елдеріне интеграциялануы және мемлекеттік басқаруды оңтайландыру қажеттілігінен туындап отыр. Өйткені, мемлекеттік қызметтің стратегиялық,операциялық,  реттеу және бақылау функцияларын тиімді жүзеге асыруда саясаттанулық және әлеуметтанулық, құқықтық, экономикалық білімдер кеңінен қолданылады. Мемлекеттік қызметкердің кәсіби құзыреттілігі, ол қол жеткізген білімнің технологиялық, медициналық, химиялық инженерлік, экономикалық, педагогикалық саласына қарамастан тұрғындарға сапалы, уақытылы қызмет көрсету.

Сондықтанда мемлекет пен оның азаматтары, кәсіпкерлік субъектілері сапалы дамуы үшін кәсіптік білім беру жүйелі, қоғамдық өмір жан жақты дамуы тиіс. Ақпараттық технологиялардағы жетістіктер әлеуметтік өзгерістерді өте шапшаң өзгерту үстінде.

Азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамту мақсатында, сапалы мамандар даярлауда социо-гуманитарлық ғылымдардың негізгі заңдылықтары, даму тенденциялары оқытылуы қажет. Өйткені, бұл ғылым салаларының зерттеу аспектісі, ол қоғам мен мемлекеттің саяси жүйесі, саяси билік пен институттар, азаматтық қоғам мен қоғамдық қатынастар, адамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік процесстер мен қоршаған орта. Соның ішінде әлеуметтану, саясаттану пәндері қоғамды жүйелі, біртұтас организм ретінде зерттеуге бағытталған ғылым саласы және оның өзіндік ғылыми парадигмалары қалыптасқан. Америкалық социолог Р.Мертонның көрсетуінше әлеуметтану пәні қоғамды макро, микро, орта арнаулы социологиялық теориялар тұрғысынан зерттейді. Ал, саясаттану ғылымы елдердің басқару формаларының дамуын құқықтық, конституциялық ережелер негізінде қарастырады.

...

Скачать:   txt (741.6 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (234.9 Kb)  
Продолжить читать еще 197 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club