Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Астана - Мәңгілік ел құндылығы ретінде

Автор:   •  Февраль 16, 2018  •  Эссе  •  314 Слов (2 Страниц)  •  1,798 Просмотры

Страница 1 из 2

Астана - Мәңгілік ел құндылығы ретінде.

Астана – Отанымыздың жүрегі, ежелгі қазақ жерінің төрі.

Н.Ә.Назарбаев

Мемлекеттің өміршең болуына тікелей де, жанама да әсерін тигізетін, кез-келген бастамалардың бастауына яки оның құндылығына айналған, билік пен елдің орталығы - астанасы атанған бас қаланың сайлануы әр мемлекет үшін заңдылық іспеттес. Бұл да бір тәуелсіз елдің асқақ көрінісі сияқтанады.

Егеменді ел болған Қазақстанның 1997 жылға дейінгі астанасы Алматы қаласы болды. Алматы қаласынан елорданы арайлы Астана қаласына көшіріп, мемлекетіміз үшін маңызды қадамды жасаған сәттен 20 жыл да өте шықты. Расында осы уақыт аралығында Астанамыздың бейнесі біраз өзгеріп, көрікті қалалардың біріне айналды.

Астана қаласы әлем аренасындағы дамыған қалалардың қатарына кіріп, еліміз үшін аса маңызды бірнеше басқосулар мен шаралар осы жерде өткізілген болатын.

Атап айтатын болсақ, 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммиті осының айқын бейнесі. Оған ұйымға мүше 56 мемлекеттің өкілдері, БҰҰ бас хатшысы және халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысқан болатын. Осындай ауқымды шараға төрағалық етуіміз жер жаһандағы ықпалымыздың артуының алғышарттары сияқты көрінеді.

Сондай- ақ әлемнің алпауыт мемлекеттерінің басшылары бас қосып, ғылыми-техникалық жұмыстардың авторлары өз жобаларын Астанада өткен “Болашақ энергиясы” тақырыбындағы EXPO-2017 көрмесінде әлем назарына ұсынған болатын. Осы көрме барысында еліміз, әсіресе. Астана ғаламдық назардың эпицентрінде болған еді, сәйкесінше бас қаламыз “Болашақтың қаласы” атағына ие болды. EXPO көрмесі

...

Скачать:   txt (3.6 Kb)   pdf (38.9 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club