Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру

Автор:   •  Май 11, 2020  •  Контрольная работа  •  1,779 Слов (8 Страниц)  •  647 Просмотры

Страница 1 из 8

Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру

Жоспар:

  1. Адамгершілік тәрбие механизмі
  2. Адамгершілік тәрбиенің міндеттері
  3. Адамгершілік тәрбиенің әдістері мен амалдары  

Адамгершілік тәрбие – балаларды адамзаттың және нақты қоғамның рухани байлықтарына араластырудың мақсатты бағытталған процесс. Уақыт өте келе бала адамдардың қоғамда қабылдаған жүріс-тұрыс пен өзара әрекеттестіктің нормаларын және ережелерін бірте-бірте меңгереді, өзара әрекеттестіктің,  адамдарға, табиғатқа, өзіне деген қарым-қатынастың тәсілдері мен формаларын иеленеді. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесіне жеке тұлға бойында адамгершілік қасиеттердің белгілі бір жиынтығының көрініс табуы жатады. Бұл қасиеттер қаншалықты берік қалыптасса, тұлғада қоғамда қабылданған рухани қағидалар бойынша аз мөлшерде кемшіліктер байқалса, қоршаған ортада оның адамгершілік бағасы соншалықты жоғары болады.   Әрине, тұлғаның және оның адамгершілік ортасының қалыптасу процесі жас ерекшелік шеңберімен шектелмейді.   Ол жалғасады және өмір бойы өзгереді. Бірақ онсыз адам адамзат қоғамында қызмет ете алмайтын негіз бар. Сондықтан да балаға «жолбасшы жіп» беру үшін, бұл негіздерді ерте үйрету керек,  Бәрімізге белгілі, мектеп жасына дейінгі кезең әлеуметтік ықпалдарға жоғары қабілеттілігімен ерекшеленеді.  Бала осы әлемге келе адамилықтың бәрін өзіне сіңіреді: өз бақылауларын, эмпирикалық қорытындылар мен тұжырымдарын, үлкендерге еліктеулерін пайдалана отырыпқатынас амалдарын, жүрістұрысты, қарым-қатынасты үйренеді. Қиындықтар мен қателіктер жолымен жүріп ол түбінде адамзат қоғамында өмірдің қарапайым нормаларын игереді.  

Адамгершілік тәрбие механизмі

Бірақ та бұл жол өте ұзақ, үнемі пайдалы емес және моральды игергенде тереңдікті қамтамасыз етпейді. Сондықтан, «әлеуметтік жетекші» ретінде ересектің рөлі өте маңызды және жауапты. Ересектің мақсаты – адамзат әлеміне үйренуі және ауыртпалықтан өтуі баланы оқыту неге, қалай және қашан екенін анықтау. Адамгершілік қасиеттің мықтылығы, тұрақтылығы оның қалыптасуына, оның педагогикалық әсер ету негізіне қандай механизм қойылғанына байланысты. Жеке тұлғаның адамгершілік механизмі тұрақталуын қарастырайық. Қандай да болсын адамгершілік қасиеттің қалыптасуына арналған, оның саналы өтуі маңызды. Сондықтан, балада адамгершілік қасиеттің мәні туралы, оның қажеттілігі туралы және оны меңгерудің артықшылығы туралы ұғымдар қалыптасатың білімдер керек. Балада адамгершілік қасиетті меңгеріп алу ықыласы пайда болу керек, яғни, сәйкесті адамгершілік қасиетті табуға арналған себептер пайда болулары маңызды. Себептің пайда болуы, әлеуметтік сезімді қалыптастыратын қасиетке қатынасың өзімен тартады. Сезімдер, қалыптасу процессіне жекелік мағыналы түрін келтіреді және қалыптасып жатқан қасиеттің мықтылығына әсер етеді. Бірақта, білімдер мен қасиеттер, оларды практикалық қолданыста – әрекеттерде, мінез-құлқында қажеттілікті туғыздырады. Әрекеттер мен мінез-құлқы қалыптасып жатқан қасиеттің мықтылығын  тексеруге және растауға мүмкіндік беретін, кері байланыс функциясын өздеріне алады. Сөйтіп, адамгершілік тәрбиелеу механизмі көрінеді: (білімдері және ойлары) + (себептер)  + (сезімдер және қарым-қатынастар) + (икемділіктер және әдеттер) + (әрекеттер және мінез-құлқы) = адамгершілік қасиеті. . Бұл механизмде объективті сипаты бар. Жеке тұлғаның қандай да болсын (адамгершілік немесе адамгершіліксіз) қасиеттің қалыптасуында ол әрқашанда көрінеді. Адамгершілік тәрбие механизмнің басты ерекшелігі - өзара алмасымдылық қағидаттың жоқтығы. Демек, механизмнің әр компоненті маңызды және шығарылуы немесе басқамен ауыстырылуы мүмкін емес. Егер біз мейірімділікті адамгершілік қасиет ретінде қалыптастырып, балаға мейірімділіктің не екендігі туралы түсінікті үйретуді шешсеу, онда не болады? Онда бұл қасиетке оң қатынасты тудырмаймыз және мейірімді болуға деген ұмтылысты жоямыз. Мейірімділікті орнатуға жағдай жасамаймыз.  Тапсырма Бір компонентті алып тастаған кезде адамгершілік қасиеттермен не болатынын түсіндіріп көріңіз. Оны басқа компонентпен алмастыруға бола ма екен?  Бұл жағдайда механизмнің әрекеті икемді сипатта болады: компоненттердің жүйелілігі қасиеттің ерекшелігі (оның қиындығына байланысты және т.б.) мен тәрбие объектісінің жасына байланысты өзгеруі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі балада жеке тұлға қасиетінің маңыздысын түсініп, соған сүйенуге болмайтыны түсінікті. Оны адамгершілікке тәрбиелеуге әлі уақыттың келмегендігі ме? Әрине, жоқ. Жүйелілікті өзгерту қажет және білім беруден емес, ал эмоциялық базаны, іс-әрекет практикасын қалыптастырудан бастау керек. Бұл келесі білімді меңгеруге жағымды негіз бола алады.  Адамгершілік тәрбие міндеттерінің бірінші мақсат тобына оның механизмін қалыптастыру мақсаттары кіреді: ойлары, адамгершілік сезімдері, адамгершілік әдеттері мен нормалары, мінез-құлық тәжірибесі.

...

Скачать:   txt (27.1 Kb)   pdf (98.8 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club