«Өзін-өзі тану» сабақтарын ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері
Автор: Dinarabekn • Апрель 18, 2018 • Реферат • 9,588 Слов (39 Страниц) • 1,719 Просмотры
«Өзін-өзі тану» сабақтарын ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері
Әдістемелік құрал
[pic 1][pic 2]
«Ұстаз» оқу-әдістемелік орталығы кеңесімен баспаға шығаруға қаралды және ұсынылды
Әбдікәрім Арман Дастанұлы – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке орта мектебінің әлеуметтік педагогы
Пікір берушілер:
Адильшинова З.У. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты
Өмірбаева К.О. - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Әлеуметтік педагогика және бастауышта оқыту» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
Әдістемелік құралда өзін-өзі тану пәнін жүргізудің формалары, сонымен қатар педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған.
Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.
Әдістемелік ұсыныстарды өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер пайдалана алады.
©Әбдікәрім А.Д. [pic 3]
КІРІСПЕ
Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық қҧндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.
Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жҧмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді.
«Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізеді.
Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, Өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог.
Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жҥргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.
...