Өзін өзі тану сабағының мазмұны мен ұйымдастырылуы
Автор: madinaaaaa2018 • Май 4, 2018 • Курсовая работа • 4,907 Слов (20 Страниц) • 1,379 Просмотры
Кіріспе
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасаған еді. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында жеке тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Өзін-өзі тану сабағында шығармашылық жұмыстарда оқушы өз ойын білдіріп, қабылданған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білуге және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Нәтижесінде: шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде әртүрлі топ өкілдерімен қарым- қатынас жасау мәдениеті қалыптасады. Тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді. Сондықтан да, таңдалып отырған тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Курстық жұмыс мақсаты: Өзін өзі тану сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыс міндеттері:
- Өзін өзі тану сабағы жайында жалпы ақпарат жинақтау;
- өзін өзі тану сабағының ерекшеліктеріне тоқталу;
- шығармашылық қабілет ұғымын теориялық тұрғыда негіздеу;
- өзін өзі тану сабағында шығармашылық қабілетті дамытудың жолдарын іріктеу;
Зерттеу нысаны: өзін өзі тану сабағындағы шығармашылық іс-әрекеттер. Зерттеу пәні: шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер өзін өзі тану пәнінде шығармашылық тапсырмалармен жұмыс әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілсе, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдістері: Ғылыми жұмысты орындау барысында мынадай әдістер іке асырылды: ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу, жинақтау, саралау, баяндау, іріктеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Өзін өзі тану сабағының мазмұны мен ұйымдастырылуы
- Өзін өзі тану сабағы жайлы түсінік
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
...