Адамның ерік қасиеті мен ӛзін-ӛзі реттеу психологиясы
Автор: Миржамол Пулатов • Сентябрь 30, 2020 • Лекция • 1,920 Слов (8 Страниц) • 5,330 Просмотры
Лекция тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен ӛзін-ӛзі реттеу психологиясы Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Адамның ерік қасиеті мен ӛзінӛзі реттеу психологиясын меңгерту. Лекция мазмұны:
Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. Ерік және тұлға. Тұлғаның ӛзін-ӛзі реттеу психологиясы (стрессменеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі. Ерік туралы жалпы ұғым.Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен кӛрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік болып табылады. Ерік адам психикасының оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен байланысты қарастырылады. Еріктің мазмұны ойлау, қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар. Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау.Адамның ІС-әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйсенің ӛзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы ӛзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталанлыру және реттеу қызметтерін де атқарады.Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әрекеті ырықсьп орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық деп анықтаған.Материалистік тұрғыдан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы себепті байланыстылыққа, детермннизм принципке бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығуы да - ерік бостандығының бір кӛрінісі.Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын қалыптастыру.Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі мел құрылымы жағынанӛте күрделі процесс. Немесе ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан ӛте курделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады.Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан кӛрініп отырады. Бірақ жүру, кӛбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, ЖАҚЫН, туыс адамдармен сӛйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты, бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз.Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатгалады. Еріктік амал кезеңдері: Мақсатты аңғару. Қандайда қажеттілік ӛз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Туа бастаған қажеттілік адам саласына күңгірт, булыңғыр құштарлық түрінде бейнелейді. Оның күңгірт болатындығы оған қажеттілік әлі аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейді. Қажеттіліктің арта тусуіне қарай құштарлық тілекке айналады. Еріктік амалдың бастамасы - тілек деп атайды. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не мазалайтынвң, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатының білдіру (жазу, біреулерге немесе ӛзіне айту арқылы). Тілек дегеніміз мұрат түрінде ӛмір сүретін (адам миында) қажеттілік мазмұны.Тілек әрекетке мотив (іс-әрекетке итермелейтін түрткі) болуы мүмкін. Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіру кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айиалудан бұрын тілек сараптталып, бағаланады; Тілек іс әрекет түрткісі сияқты ӛзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің айқындығымен ерекшеленеді. Әр қилы қажеттіктер маңызының ӛзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталалы. Бұл талас -тартыстың мәні; әлі бастамаған әр түрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажетгілігін таңдауға бағытталган адамның талқылау ісінің жүруі. Түрткілер таласы жағдайына адам үлкен толғанысқа келіп, ӛз санасы мен сезімінің, қарабасы мен қоғам мүдделері арасынлағы қарама - қарсылықтарды жеңе алмай, ӛз «қалауы» менсырттан қойылған міндет «талауына » түседі. Түрткілер тартысының қорытынды сатысы шешім қабылдау; шешім қабылдау дегеніміз - бір тілекті екінші тілектен ажырату сӛйтіп, мақсаттың идеалды бейнесін жасау. Жоспарлау. Бұл - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал - жабдығын іздестіру кезеңі. Жоспар әр қилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар бәрін ӛлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы үстүрт жоспармен шектеледі. Жоспарланған әрекет ӛздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші жұмсалады. Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, түрткілердің кӛзін ашатын, мақсатты белгілеу мен орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бӛліктеріне ықпалды фактор. Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күнліктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиелі. Орындау.Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Адамның мінез-құлқы қойылған міндет пен алдын ала жоспарланған әрекет тәсіліне бағынышты болады. Бірақ адам әрекет жасап қана қоймай, сол әрекетін бақылап және түзеп отырады. Ол әр сәт сайынғы нәтижені мақсаттап (немесе оның бір бӛлігінің) күн ілгері ойда жасалған бейнесімен салыстырып қарайды. Осылайша қол жеткен жеке нәтиже бұрын қол жеткен нәтижелермен қатар қойылады және идеалды бейнеге «жалғастырылады». Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттін нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне бірнеше сапалары бар: Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, ӛзінӛзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым ерекше, қоғам мүдлесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары). үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т.б.) бӛлінеді. Тоқтамға келгіштік дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдеріне келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып аптықпайды. Тек осындай жағадайда ғана адам алдындағы ІСІН дұрыс бағалап, жоспарлай алады, ӛзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Табандылық. Мінез- құлықты ұзак уақыт бойы белгілі мақсатқа сай башттап, бағалап отыру қабілетінен кӛріетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам алған бетінен қайтпай, кӛздеген мақсатына қайткент күнде де жетуді кӛздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа толы, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамнын ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бӛгет жасайтын психикалық кӛңіл күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен кӛрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиетін айтады. Ұстамдылық адамның ӛз ерік-жігерін белей алу қасиеті. Отан соғысы батырларының, біздің космонавтарымыздың, ұшқыштарымыздың мінез-құлқы тамаша ұстамдылық үлгісі. Тәртіптілік дегеніміз адамның ӛз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллекивтің ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам негұрлым ӛз қылығының қоғамдық мінін жақсы ұғынса, соғұрлым зар сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, ӛзініңОтан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда артық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам тіпті ӛзіне ӛлім қауіпі тӛнсе де сасқалақтамайды, ӛзрухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай кӛтереді, ӛз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді. Стресс. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп тӛнген сәттегі реакция, күрт ӛзгерген жағдайдағы мінез-құлық стрестік күйлер болып табылады. Бұл жағдайда мақсатты әрекетті, зейінді аудару мен бӛлуді жүзеге асыруға қиынға соғуы мүмкін, тіпті, әрекеттің жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Стресс кезінде қабылдау, ес қателіктері, кенеттен кӛрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар т.б. болуы мүмкін. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық кӛбінесе адамның жеке басының ерекшелігіне оның жағдайды тез бағалай білуіне күтпеген жағдайды қолмақол бағдар табу дағдысына, ерік жинақтылығына, батылдығына, әрекет мақсаттылығы мен ұстамдылығының ӛрбуіне, осы тәрізді жағдайда бастан кешірген мінез-құлық тәжірибесіне байланысты болып кедеді. Адамның кӛңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрациядеп аталады. «Фрустрация»латынша аударғанда - кӛнілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісімен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, кӛңілі кұлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Фрустрация кезінде адам ӛте күшті нервтік-психикалық күйзеліске түседі. Ол әбден ӛкіну, ызалану, жабырқау, айналадағыға мүлде селқос қарау, ӛзін-ӛзі жазғыру түрінде кӛрінеді. Фрустрацияның ӛту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шешілуіне байланысты болады. Фрустрация әлсіреуі, тыным табуы немесе күшейуі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа жағдайда басталады. Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, ӛзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі - эмпатиядеп аталады. Эмпатия - адамның ӛзгелер қайғы - қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің ӛз басына түскендей кӛңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып корсеткен - америкалык психолог Э.Титченер. Ол адамның бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың ӛмір тәжірибесіне, мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады. Психологияда сезімді - моральдық (адамгершілік), интеллектуалды (танымдық), эстетикалық деп бӛледі. Моральдық сезімдердегеніміз - қоғамның қойған талабына адамның ӛз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген кӛніл - күйі. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те атайды. «Мораль» - «морале» деген француз сӛзі. Мағынаса - адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы - мұның бәрі адамгершілік еезім кӛрініеінен байқалып тұрады. Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі - олардың әсерлілігі яғни, айқын кӛрінетін стеникалық сипаты. Олар ойда және тебіреністерде ғана емес, сондай-ақ адам ӛзінің барлық күші мен энергиясын жұмсайтын белсенді әрекетте де жүзеге асады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әркімнің ӛз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралықжекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы ӛзара сыйластық және әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың ӛкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Интеллектуалдық сезімі (ақыл-ой) адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі - балалардың оқып білім алуға, ересектердің ӛз қызметіне, шығармашылық пен ӛнерге деген кӛңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның іздемпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Ақыл-ой сезімі - адамның кез-келген ісәрекетіндегі рухтандырушыдық маңызы зор кӛңіл-күй. Эстетикалық сезім - объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі кӛңіл - күй, әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләзаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның ӛмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Эстетикалық сезім мазмұны мен мән-мағынасы және түр - сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүнисеінде бейнеленіп, оның мінез - құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар кӛңіл - күйін шалқытып, іс-әрекеттерін ӛрістеуші фактор ретінде қарастырады. Ӛнер мен музыка, ән-күй мен кӛркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, ӛмірдің не ғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен қасиеттері. Ӛмір суру процесінде қалыптасатын сезімдер жүйесі мен типтік эмоциялық күйлер жеке адамның эмоциялық жағын құрайды. Индивидуалды ЭМОЦИЯЛЫҚ кӛріністердің кӛптеген түрлерінің арасынан жеке адамның эмоциялық ерекшеліктері мен эмоциялық қасиеттерін бӛліп қарастырады. Эмоциялық ерекшеліктерге эмоциялық ҚОЗҒЫШТЫҚ, ЭМОЦИЯЛЫҚ албырттық пен аффектілік, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық реакцияның күші, қарқыны мен ырғағы, эмоциялық сергектік жатады. Эмоциялық ерекшеліктер нерв жүйесінің типімен негіздес. Ең алдымен мінез - құлықтан солар байқалады және ерекше қиыишылықсыз ақ кӛзге түседі. Егер адамдардың қатынастары мен сезімдерін ұғыну қиынға соғатын болса, эмоциялық ерекшеліктер мінез - құлықта тікелей кӛрініс береді, сондықтан оңай кӛзге түседі. Жеке адамның эмоциялық қасиетіне әсерденгіштік, қайырымдылдық, сондай-ақ адамның кӛптеген кӛріністеріне, тіпті оның бүкіл психикалық келбетіне ізін қалдыратын эмоциялық сапалар және олардың жиынтығы жатады. Қайырымдылық - адамның ерекше маңызды, әлеуметтік жағынан мәнді эмоциялық сапаларының бірі. Әсерленгіштік - жеке адамдық қасиетін ӛзіндік бір кӛрінісі. Егер эмоциядык сипаттарды адамдарға мінездеме беру негізіне алатын болсақ, онда бұл белгілерге қарай мінез - эмоциялық, синтементальдық, албырттық және ең соңында, салқын қандылық болып бӛлінеді. Эмоциялы адамдар эмоциялық жағынаи қозғыш, тітіркендіргіштер әсерінен тез «лап еткіш» келеді. Олар үшін жиі аффектіге ауысатын тез кӛтерілгіш, албырттық тән. Тебірентерлік әсер оларды баурап алады, олар бұл кезде объектінің мазмұны жӛнінде ойланып пікір айтудан гӛрі ӛз тебіреністерін талдауға кӛбірек беріледі. Сентиментальды мінезділер еліге, сырттай қараушылықпен сипатталады. Сентиментальды мінезділер сезімшіл және енжар болады. Олардың сезімдері бедсенді әрекет тудырмайды, кӛңіл күйлері сыртқа тегппей бұғып жатады, әрекетпен ұштаспайды. Сезімнің ӛзіне бағытталуы, яғни кӛңіл күйін қызықтауға талпыныс байқалады. Албырт адамдар айрықша әрекетшіл, талапкер және сүйікті ісіне берілген, олар мәнді детынышсыз мол эмоциялы ӛмір сүреді. Олар әрқашанда бір нәрсеге құмартады. Қайраттық күшін сарқа күшін жұмсау - бұларға тән қасиет. Кейде ӛмірі мен қызметінде эмоцияның ерекше мәні болмайтын адамдар да кездеседі. Оларды салқын қанды немесе «байсалды есептің адамдары» деп атайды. Бұл адамдарды ешқандай сезімсіз, ешнәрсеге тебіренбейтін, қуанбайтын, ренжімейтін адамдар деуге болмайды. Бұларда сезім, эмоциялық күйдің шамалы ғана кӛрініс беретіндігі сонша, ол мінез- құлыұ, қылық, әрекетке іс- жүзінде айтарлықтай әсер ете алмайды. Олар ақыл ыңғайымен ӛмір сүреді. Оларға эмоциялық күйге берілмейтіндік, әсерленбейтіндік және әдетте қатаң іскерлік деп аталатын қасиеттер тән.
...