Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлғаның өзін- өзі дамытудағы зейін әсерін зерттеу әдістері мен процедуралары

Автор:   •  Март 18, 2019  •  Дипломная работа  •  21,292 Слов (86 Страниц)  •  985 Просмотры

Страница 1 из 86

                                                     Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДАҒЫ ЗЕЙІННІҢ ӘСЕРІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Тұлға психологиясының педагогикалық- психологиялық мәселелері............6

1.2  Зейін түрлері мен қасиеттерінің психологиялық сипаттары..........................13

2 ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДАҒЫ ЗЕЙІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ.............................................................................................................40

2.1  Тұлғаның өзін- өзі дамытудағы зейін әсерін зерттеу әдістері мен процедуралары...........................................................................................................40

2.2 Зейіннің әсерін  дамытуға және түзетуге арналған жаттығулар.....................49

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................58

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Жаһандану және жаңа технологиялар заманында білім беру бұл жай ғана әлеуметік сала емес. Өскелең ұрпақтың зиялы болашаққа дайындығын күшейту үрдісі болып табылады және бұл үрдіске еліміздің барлық азаматтары қатысқаны абзал. «Кез келген адамды жұмыс істеуге, оқуға, өмір сүруге, қазіргі әлемде бірге өмір сүруге үйрету керек», екенін стратегиялық жолдамада Елбасымыз орынды атап көрсетті [1].  

Сыни ойлау қабілеті, өнегелі өз сана сезімі бар және ақпараттық ағымды бағдарлауға қабілетті оқушыларды даярлау мектепте білім берудің басым бағытына айналып отыр. Білім берудің қазіргі жағдайы өткен кезеңдермен салыстырғанда жаңа талаптарға сәйкестенуі тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақтардың өмір салтын қалыптастыратын мәселелер білім беру, психикасын дамыту, денсаулығын сақтау, еліміздің әлеуметтік саясатымен, қоғамдық санадағы (қоғамдық психологиядағы) өте маңызды өзгерістермен айқындалуда. Психологиялық тұрғыдан балалар өмір сүретін әлем, отбасының әлеуметтік кейпі, өткен жылдармен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ие болып, олардың жалпы бағалық бағыттарына ықпал етуде.                                        

Психикалық таным үрдістерінің ішінде зейін ерекше орын алады. Зейін-айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейіннің оқу іс-әрекетінің бағдарламасын игеруге көмектесетініне байланысты зерттеуімізді психологиядағы өзекті мәселелердің бір бағыты деп есептедік.                                                                Оқытудың нәтижелігі балалардың психикалық процестері: зейіні, қабылдаулары, есте сақтауы т.с.с. дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Балалардың зейінін ұйымдастыру педагогикалық процестің нәтижелі болуына жетелейді.                                                                                                К.Д. Ушинский [2] еңбегінде зейінді «сыртқы әлемнің әсерлерін рухқа енгізетін есік» деп сипаттаған. Зейін балалардың оқу материялын анық және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-әрекетті бақылауын қамтамасыз етеді.                                                                         Мұндай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Зейіннің физиологиялық болмысы И.М. Сеченовтың [3],                                И.П. Павловтың [4], П.К. Анохиннің [5] әсіресе, А.А. Ухтомскийдің[6] еңбектерінде зерттелген. Шетел психологтарының ішінде В. Вундт[7] зейін мәселесін санамен байланыстырды.

Э.Б. Титченер[8] зейінді генетикалық тұрғыдан қарастырды. Т. Рибо[9] зейінді эмоциямен ұштастырды. А. Трейсман[10] зейінді текстің семантикалық сипатымен байланыстырып зерттеді.

             Ал, отандас психологтарымыздың зейін теорияларын ұсынғандары     Л.С. Выготский[11], Д.Н. Узнадзе[12], Н.Ф. Добрынин[13], А.Н. Леонтьев[14], П.Я. Гальперин[15], И.В. Страхов[16]. Зейін мәселесі туралы көзқарастар, эксперименттер, теория әрі практика үшін маңызды.

             Елімізде практикалық психология мекемелері де шамалы, онда негізінен балалардың психологиясына байланысты ата-аналарға кеңес берумен ғана шектеледі. Дегенмен, соңғы кездерде жалпы білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жасау қолға алынуда. Зерттеушілермен практиктердің пікірі бойынша, психолог- практиктің белсенді іс-әрекетінсіз, психологиялық қызметті дамытпайынша жеке оқушының білімін, тәрбиесін және дамуын біріктіру қиын болады.

...

Скачать:   txt (264.1 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (214.7 Kb)  
Продолжить читать еще 85 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club