Шығармашылық – бұл адамның өзін – өзі тануға ұмтылуы
Автор: Gulnara68 • Май 23, 2018 • Реферат • 8,642 Слов (35 Страниц) • 1,162 Просмотры
Тақырыбы: « Шығармашылық – бұл адамның өзін – өзі тануға ұмтылуы»
Кіріспе
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.
Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сантүрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дайындаудағы басты мақсаты - оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалылтасуына жол ашу.
Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындысынан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ.Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады.Осындай оқыту әдісі оқушылардың ақыл-ойын,шығармашылығын дамыту жолдарын шешіп қазіргі таңның өзекті мәелесіне айналды.
Зерттеудің мақсаты:оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық қажеттілігін дамыту;
Зерттеу міндеттері:
- қазіргі педагогика мен психологиядағы шығармашылық және шығармашылық қабілеттер жағдайын анықтау;
- бастауыш сыныпта оқушыларды шығармашылыққа баулудың педагогикалық негіздерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық тапсырма орындату
арқылы өзін-өзі тану қабілетін арттыру; - оқытуда пайдаланылатын шығармашылық – ізденіс жұмыстарын зерттеу.
- Зерттеу нысаны:бастауыш сыныптардағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні:Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың шығармашылық – ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
Зерттеу әдістері:1)теориялық;2)бақылау;3)педагогикалық талдау.
Практикалық маңыздылығы:Бастауыш мектептерде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулуға байланысты ғылыми қағидалар мен тұжырымдар педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттердентұрады.
1.Шығармашылық – бұл адамның өзін – өзі тануға ұмтылуы.
- Шығармашылық және шығармашылық қабілет түсініктері
Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын, баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады[1].
...