Өзін-өзі тану – өмірді тану
Автор: RutsOFF • Ноябрь 27, 2021 • Реферат • 826 Слов (4 Страниц) • 420 Просмотры
«Өзін-өзі тану – өмірді тану»
«...Тәуелсіздігім – тәңірден келген тәтті сый.
Алаулап жансын, сөнбесін оты маздаған...»
Жамбыл Дүйсенов.
Биыл Қазақстан Республикасының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан бөлініп өз алдына егемендігін алып, азаттығын жария еткеніне 29 жыл толады. Тұтастай қалыптасқан бір тұлғалық ғұмырмен пара-пар. Аз уақыт емес, әсіресе еңсесін енді түзей бастаған біздің ел үшін сын мен сынаққа, жетістік пен жақсылыққа, әлемді тану мен өркениетке толы жылдар тізбегі болды. Жан-жағымыздағыны тани жүріп шыңдалдық. Қанатымыз қатаймаса да биіктерді айқын көздей алдық. «Игілік басы –ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ» деп халық мәтелінде сөз етілгендей, мұның бәрі - ең алдымен елдің ішкі бірлігі мен біртұтастығының және кемел келекшекті көздей алған Көшбасшының ерен еңбегінің арқасы. Азат ел екендігімізді әлемге мойындата жүріп болашаққа да айқын адымдадық. Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауында, мемлекеттің әр жылға құрған жұмыс жоспарының басында – білім беру мәселесінің тұратындығы осының дәлме-дәл дәлелі, кейінгі ұрпаққа деген қамқорлығы.
Елдің бүгіні мен ертеңін қамдай жүрген Елбасымыздың зайыбы Сара Алпысқызы да жанұялық өмірмен қоса «Қазақстанның бірінші ханымы» ретінде мемлекеттің рухани дамуына үлкен ден қойды. Бұл - көрегенділік пен даналықтың ұштастығы. Осы орайда қолға алған «Өзін-өзі тану» жобасы – ізгілікке бастау алған жемісті жұмыс болды. Бастапқыда қоғам арасында бұл пәннің маңызы туралы пікірлердің ара-тұра қозғалғаны жасырын емес, бірі жақтаса, енді бірі мақұл көрмейтіндіктерін жеткізіп жатты. Десе де, дамыған елдермен иық тірестіре жүру үшін тек дәстүрлі пәндермен шектеліп қана қоймай, рухани құндылықтарымызды қадірлеуді үйрену және тұлғалық көзқарас қалыптастыру маңызды екеніндігіне қоғамның көзі жетті. Бұл – жобаның жемісі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы авторының: «Өз жан дүниеңе үңіл. Сені бақытты еткен не, бақытсыз еткен не. Осыдан соң сен балаларыңа дұрыс тәрбие бересің. Оның үстіне мұғалім болсаң, мектепке, балабақшаға, жоғары оқу орнына білім алуға келген балаларды тәрбиелейсің. Сондықтан айтарым жалпы адамгершілік құндылықтар барлық сабақта, барлық емтиханда, қабылдау емтихандарында бірінші орындағы пән болуға тиіс», – деген сөздері педагогтар мен ата-аналар қауымына да баланың рухани жай-күйіне назар аудару керектігін ескерткен сигнал болғандай.
Табиғатты аялаудан басау алып, жан-жағыңдағыларға мейріммен қарау, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлықты тәрбиелеу, адамның рухани саулығы, өмір сүру өнері, рухани кемелдену мен адамгершілік тәрбиені тұтас қамтыған бағдарлама баланы мектеп жасынан үлкен өмірге тәрбилеуге қосымша көмек болды. Күнделікті мектеп бағдарламасында қамтылатын пәндер арасында «рухани жетілу» үшін немесе ұстаз ретінде шәкірттеріңмен ашық әңгіме алаңын ұйымдастырып, әлеуметтік көзқарастармен пікір алмасу үшін 45 минут аздық ететіні даусыз. Осы орайда «шөлдеген» шәкірт санасына серпіліс сыйлап, ұстаздарға «қолғабыс» болған «өзін-өзі танудың» бағдарламаға енуінің өзін Тәуелсіздігімізбен тығыс байланыстыра аламыз. Біз азат елміз, біз еркін түрде ұрпағымызға адамгершілік бере аламыз және бұл үшін арнайы бағдарлама жасақталған, шынымен «Тәтті сый» демей немене?...
...