Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өздігінен білім алуға заманауи педагогикалық технологияларды қолданудың әдістемесі

Автор:   •  Ноябрь 15, 2020  •  Доклад  •  801 Слов (4 Страниц)  •  863 Просмотры

Страница 1 из 4

«Өздігінен білім алуға заманауи педагогикалық технологияларды қолданудың әдістемесі»

Бүгінде қазақстандық білім беру өз дамуының тарихы кезеңінде ең терең және күрделі өзгерістірге ұшырауда. Елімізде ғұмырына жететенін ескі білім беру жүйесінің орнына жаңа «БАРЛЫҚ ҒҰМЫР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ, БІЛІМ АЛУ БАРЛЫҒЫ ҮШІН ...» стандарты енгізілуде.

Мұғалімнің үздіксіз, кәсіби білім алуының бірден бір жолы – өздігінен білімін жетілдіру. Өздігінен білімін жетілдіру – мұғалімнің көмегінсіз өздігінен білім игеру арқылы өз білімін тереңдету. Бұл анықтама С.И.Ожеговтың сөздігінен табылған. Бірақ, бұл терминнің мұғалімдерді сөз еткенде, оның мағынасы әлдеқайда тереңірек: өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бағалау, өз тұлғасын өзі құрап шығару мағыналарында қолданылады. Тіпті, жақсы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс өз бетінше білімін жетілдірусіз оңтайлы нәтижелі болмайды. Менің ойымша, мұның кілті жалғыз, ол – өздігінен білімді жетілдіру. Сондықтан қазіргі заманғы мұғалімнің талаптарына, өлшемдеріне сай келіп, педагогика нарығында табысты мұғалім болу үшін өздігінен білімімді жетілдіру заман талабы. Олар бізге тұлғалық өсуге ықпал етіп қана қоймай кәсіби өсуге де ықпал етеді.

Өздігінен білім алуға заманауи педагогикалық технологияларды қолдану:

1. Біліктілікті арттыру курстарындағы курстық дайындық.

Өз білімін жетілдіру формасының бұл түрінің басты құндылығы – халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі білікті мамандардан білікті көмек алу мүмкіндігі, басқа әріптестерден тәжірибе алмасу.

2. Екінші жоғары білім немесе мамандық алу.

Өздігінен білім алудың бұл формасының басты артықшылықтары:

  • өз қажеттіліктеріңе сай білім алу траекториясын құрастыру мүмкіндігі, себебі, көптеген бағдарламалардың құрылымы модульдік сипатта: олардың бірі оқуға міндетті болса, екіншісі, дара таңдауды ұсынады;
  • «ғалым-мұғалім» жүйесі бойынша оқыту үдерісін ғалым мамандар жүргізеді.

3. Қашықтық біліктілікті арттыру курстары, конференциялар, семинарлар, олимпиадалар мен сайыстарға қатысу.

Мұғалім уақытының тапшылығына орай, өздігінен білімді жетілдірудің бұл түрі өте оңтайлы. Себебі, олар уақытқа жұмыс істеп, аз уақыттың ішінде мардымды біліммен қамтамасыз ете алады. Курстар мұғалім уақытымен ескеріліп, кез-келген уақытта өтуге мүмкіндік береді. Оларды өту үшін жаңартылған білім мазмұнындағы принциптей, мұғалімнің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сай таңдап алуға жағдай жасайды. Конференциялар мұғалімге теориялық білімді іске асыруға, сондай-ақ іске асқан білімді саралап, кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Игерілген біліктілікті зерттеп, дұрысы мен бұрысын сыни ойлап, сараптауға, жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануға ықпал жасайды. Сонымен қатар олимпиадалар мен сайыстарға қатысу – пәнге деген қызығушылықты арттырып, бәсекелестік қабілетін дамытады. Мұғалім өз білімін жетілдірмеу, пән бойынша қосымша ақпаратпен жұмыс жасамау – мұғалімнің білім қорын деградацияға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

4. Өздігінен білімді жетілдіру бойынша дербес жұмыс жасау.

  • Ғылыми зерттеу жұмыс жазу;
  • Жоба жасау;
  • Педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге қатысу;
  • Кітапханаларға бару, ғылыми-әдістемелік және оқу әдебиеттерін талдау;
  • Авторлық жұмыс жазу;
  • Әріптестердің сабақтарына қатынасу, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша, оқыту мазмұны, әдістері бойынша ақпарат алмасу;
  • Сабақтардың теориялық дайындау және сабақтардың формаларын тестілеу.

Берілген жұмыстар өздігінен білім алу жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолданға себепші болып, мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына жүйелі көмек.

5. Желілік оқыту қауымдастығы – өздігінен білім алуды ұйымдастырудың тың формасы.

Желілік оқыту қауымдастығы –  бұл еліміздің мұғалімдерінің өз еңбектерімен бөлісіп, қарым-қатынас жасайтын интернет-ресурсы.  Мен үшін осындай желілік педагогтар қауымдастығы келесідей мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік берді:

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (117.8 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club