Педагогикалық технологиялардың даму динамикасын саралау
Автор: Differen01 • Сентябрь 23, 2021 • Реферат • 441 Слов (2 Страниц) • 807 Просмотры
Тапсырма:3
Педагогикалық технологиялардың даму динамикасын саралау.
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер.
Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үдерісін зерттеу негізінде оқу үдерісін жүзеге асыру жəне бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тəсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық əдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық технология – оқыту үдерісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үдерісін құрастыру жəне оны жүзеге асыру. Оқытылатын пəн мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-əрекеті, оқушының ішкі даму үдерісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Морин Монтессордың (1870-1952) мектебі ақыл-ойды саусақтардың өте нəзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мəнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко» корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мəдениеті, ерікті қозғалыс пəндерінен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пəндер макеттендіру, модельдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері көбірек өткізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тəрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.
...