Жаңартылған оқу бағдарламасындағы Қазақстан тарихын оқытуда тиімді педагогикалық технологияларды пайдалану
Автор: Аида Максот • Январь 7, 2021 • Магистерская работа • 23,459 Слов (94 Страниц) • 492 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
ӘӨЖ 372.893
Молдабек Айдана Нұрболатқызы
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«6М011400- Тарих» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәpeжeciн aлу үшiн
орындалған диccepтaция
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д. Сманкулова Жанат Ерекеновна
Қорғауға жіберілді: Институт директоры
________________ Жұмағұлов Б.С.
(қолы)
« __ »______________2020 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________Ермұқанов Е.Н. т.ғ.к., доцент
(қолы)
Ғылыми семинар төрайымы_____________ Сутеева Х.А. т.ғ.д., профессор
(қолы)
Алматы, 2020 ж.
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3
- Педагогикалық технологияларды қолданудың теориялық мәні...............5
- Педагогикалық технология ұғымы, түрлері.........................................5
- Педагогикалық технологияларды қолданудағы ерекшеліктер...........12
- Қазақстан тарихын оқытудағы жаңартылған бағдарламаға тиімді педагогикалық технологияларды енгізу...................................................18
- Жаңартылған бағдарлама аясында Қазақстан тарихын оқытудың қазіргі жай-күйі....................................................................................18
- Қазақстан тарихын оқытудағы жаңартылған бағдарламаға тиімді педагогикалық технологияларды енгізудің қажеттілігі......................26
- Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша Қазақстан тарихын оқытудағы әдістердің практикалық маңызы................................................................31
- Қазақстан тарихы пәнін оқытуда ақпараттық-технологиялық құралдарды пайдалану........................................................................31
- Қазақстан тарихын оқытудағы интеграцияланған сабақ беруді енгізу....................................................................................................42
- Қазақстан тарихын оқытудағы кейс-стади әдісі..................................46
Қорытынды..........................................................................................................52
Әдебиеттер тізімі.................................................................................................58
Кіріспе
Өзектілігі. 2016 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесі өзгерді. Ғылым мен техниканың және ақпараттық кеңістіктің дамуына байланысты бұл сөзсіз процесс. Бұл процесті түсіну және кіріктіру білім беру жүйесін реформалау барысында болады. Елімізде мыңдаған мұғалімдер жаңа білім мазмұнын енгізу бойынша курстық дайындықтан өтуде. Жаһандану, ақпараттық кеңістікті кеңейту, компьютерлендіру және қазіргі әлемнің технологиялық процесі икемді ойлауды, бейімделуді, мақсаттылықты, зияткерлік уәжділікті, табандылықты және ынтымақтастық пен диалогқа дайын адамдарды қажет етеді. Сондықтан жаңартылған процедураларда Қазақстан тарихын оқыту үшін дәстүрлі емес әдістерді қолдану маңызды [1].
Тарих білімі патриотизм мен Отан мен елдің тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта тарих білімінің мазмұны заман талабына сай жаңартылуда. Атап айтқанда, «Қазақстан тарихы» тақырыбына арналған негізгі орта және жалпы орта білімнің жаңартылған курстары жасалды
Елбасы мақаласына сәйкес тарихи білім мазмұнына «Туған жер» тарихын зерделеуге арналған тақырыптар енгізілді. Бұл білім алушының әр тарихи кезеңдегі тарихи жағдайлармен қатар өзі туып өскен өлкедегі тарихи тұлғалар, тарихи ескерткіштер, тарихи оқиғалар туралы сабақтастықта білім алуына мүмкіндік береді. Бұдан білім алушының «Қазақстан тарихы» пәні аясында өз жерінің тарихын да жүйелі зерделейтінін көруге болады.
...