Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы. Дәстүрлі оқыту технологиялары. Педагогикалық оқыту технологиялары, оларға сипаттама

Автор:   •  Февраль 16, 2019  •  Реферат  •  1,185 Слов (5 Страниц)  •  4,722 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Психология кафедрасы

Педагогиканы оқыту әдістемесі пәні

СӨЖ №1

Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы. Дәстүрлі оқыту технологиялары. Педагогикалық оқыту технологиялары, оларға сипаттама.

                                                                                 

                                                             Орындаған: Маутбекова А. А.

Тексерген: Дүйсембекова Ш. Д.

Семей 2018 жыл

Жоспар:

  1. Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік
  2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы
  3. Дәстүрлі оқыту технологиясы
  4. Педагогикалық оқыту технологиялары, оларға сипаттама
  5. Пайдаланылған әдебиеттер.

1.«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол ең алғашқыда өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы деп түсіндірілді.

Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық технология–педагогтардың басқаруымен жүзеге асатын оқытудың тәсілі. Бұл арада мұғалімдердің жұмысы–оқушыларды белсендіру, ынталандыру, оқу әрекетін тиімді ұйымдастыру қызметінде көрінеді.

Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық әдіснамалық құралдар жұмысының жүйелі жиынтығы мен тәртібі.

Педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік құралы. Бұл:

  • Жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесінің сипаттамасы;
  • Оқу процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология – кешенді  үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.  

«Педагогикалық технология» ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар:

Р/с

Ғалымдар

Сипаттамасы

1

В. Беспалько

«педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)»

2

Б. Т. Лихачев

«педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»

3

Г. К. Селевко

«педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады:

-  ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;

- бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс;

- нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау.

4

В. В. Воронов

«педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт»

5

В. М. Монахов

«педагогикалық технология – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі»

6

В. Н. Бордовская және А. А. Реан

«педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады»

7

Г. М. Құсайынов

«педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарының бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады»

8

В. А. Сластенин

«педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету»

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (297.9 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club