Өмір бойы білім алу
Автор: boomask • Октябрь 23, 2021 • Лекция • 2,423 Слов (10 Страниц) • 1,150 Просмотры
№18.ӘҚұрмантаев атындағы жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Адеханова Г.Б.
С- Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп.
Мұғалімнің есебі | Тренердің жазбасы |
«Өмір бойы білім алу-әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет!» Н.Ә.Назарбаев.
Қандай заман болсада, қай қоғамда өмір сүрсе де баланың жеке тұлға болып қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Мұғалімнің өз болжамы сенімі көзқарасы болуы керек. Сонда ғана мұғалімнің іс-әрекеті нәтижелі болады. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта алатын өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденгіш, талпынғыш, өмір жолын өзі болжай алатын азамат тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Елбасымыз айтқандай «Дамыған елдердің қатарына қосылуымыз үшін ең алдымен жастарымыз білімді қабілетті болуы керек» ол үшін ұстаздардан кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Менің де осы курсты оқудағы мақсатым; жаңашыл әдіс-тәсілдерді үйреніп, кәсіби білімімді жетілдіру болатын. Мен бұл курс барысында тренерім Лаура Тұрарқызының жетекшілігімен «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» негізге ала отырып жеті модульде қарастырылған идеялардың мазмұнымен таныстым. Бұл модульдер өзара бір-бірімен тығыз байланыста екендігін білдім. Мен осы модульдердің кейбір элементтерін бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда да пайдаланып жүргенімді байқадым , бірақ оның ішкі құрылымын нақты түсінбегенім,дұрыс қолдана алмағаным және тиімді жағын көре білмегенім рас. Мен өз сабақтарымда топтастырып сабақ өтетінмін бірақ, оның мағанасын,түпкі мақсатын түсінбеген екенмін . Осы курс мазмұны арқылы білгенім:
2. Оқушы күнделікті сабақ барысында, тапсырма орындау кезінде сыни ойлап,сыни көзқараспен талдап ,пікір айтып, шешім қабылдап дағдыланса баланың білімі тереңдейді.Бала берілген тапсырмаға сыни көзбен қараса ол тапсырманың шешімін өзі таба алады. Яғни бала өзін-өзі оқытады.Дәстүрлі сабақтарда бала жай ғана оқулықты оқып немесе жаттанды түрде айтса баланың есінде ол ұзақ сақтала қоймайды тез ұмытылып кетеді. 3. Мен бұрынғы сабақ беру тәжірибемде сабақ үстінде рольдегі кейіпкер өзім болатынмын.Ал бұл модульді оқу барысында ұққаным – сабақ барысындағы басты рольді оқушыға жүктеу қажет екенБасты рольді оқушыларға жүктеу оларда қызығушылықты одан әрі арттыра түседі,өзі сомдаған кейіпкерді естен шығармайды,оны тереңінен білуге ұмтылыс танытатыны тағы бар. 4.Мен осы курсты оқығанға дейін көбінде оқушылар арасындағы қарым-қатынасты, сынып ішінде жағымды әсер қалыптастыруды,баланың көңіл-күйіне онша мән бермейтін едім. Ал енді көріп, көңілге түйгенім оқушылардың арасындағы ынтымақтастық,сыйластық,бірлік, жағымды атмосфера қалыптастырудың өзі баланың оқуға деген қызығушылығын,ынта,жігерін арттыруға септігін тигізеді екен. 5.Бұрынғы дәстүрлі сабақ барысында оқушыларды тек журналға баға қою арқылы бағалайтын едім, курсты оқу барысында түсінгенім оқыту үшін бағалау/белсенділігі үшін смайликтер,стикерлер/ баланы алға қарай ынталандырып жылжытады, өзін-өзі реттеуге септігін тигізеді және көмектеседі екен.Ол әр сабақ сайын осылай бағалаудан құр қалмауға,ең үздік болуға ұмтылады. 6.Сабақта барлық оқушының айтқан ойын аяғына дейін тыңдап, егер оның айтқан жауабы дұрыс болмағанның өзінде « дұрыс емес, қате » «дұрыс айта алмадың» деген пікір айтпау керек екендігін, «жақсы тағы кім толықтыра алады» «кім қосып жібере алар екен» деген сияқты сұрақтар қойып, оқушы өзінің қатесін өзгелердің жауабы арқылы дұрыстап реттелуіне түсінуіне жағдай жасап отыру керектігін түсіндім. 7.Оқу құрылымын түсіндіру, «Қалай оқу керектігін үйрету» арқылы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы мағынаны ұғындыруға және де оқушылар өз дағдыларын тез қарқынмен қалыптастыра отырып дамиды екен.Сонымен бірге «Оқушы үніне» құлақ түріп білім алу мен білім беру туралы балалардың ойын ескеру қажеттігін аңғардым.Осы орайда айта кеткім келгені кейде жоғары сынып оқушылары көңілге қонымды,қолдануға әбден тұрарлық ойлар қосып жатады.Олар бұл әдісті өзге пән мұғалімдерінің сабағы барысында «қабылдаған» болуы мүмкін.Қабылдаған деген сөзді ерекшелеп айтуыма негіз бар.Өйткені оқушылар өздеріне ұнаған әдісті келесі сабақта да,өзге пәнді оқу барысында да көріп салыстырғанды ұнатады.Демек бұл әдіс оқушы тарапынан қабылданды.Иә иә қабылданды егер де ол ұнамсыз,зеріктірерлік әдіс болса оқушы сіз ұсынсаңыз да қызығушылықпен орындамас еді. 8.Бұрын мен осы курсты оқығанға дейін интербелсенді тақтамен жұмыс жасай алмайтын едім үнемі біреулердің көмегіне жүгініп отыратынмын және оны білуге асықпағанда едім.Бұл жағдай ашық сабақтар өтуде көп кедергілер келтіретін.Ал,қазір Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы бойынша «Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік» деген ойы арқылы менде жаңаша ой пайда болып , соның ішіндегі « жауапкершілік пен жетістікке жету» үшін мен өзіме интербелсенді тақтаны толық меңгеру керек деп шештім. Оны меңгеру үшін көп көңіл аудару қажет екенін түсіндім. 9. Сыныпта барлық бала бірдей болмайтынын ескере отырып ,олардың деңгейін анықтап, талантты және дарынды балаларды үнемі назарда ұстап, зертеп анықтап оның қызығушылығын ескеріп сабақ жоспарының бір жеріне сол балаға арналған жеке тапсырманы міндетті түрде кіріктіріп отыру керек екенін, осындай тапсырмалар арқылы бұл балалардың пәнге деген қызығушылығы жоғарлайтынын түсіндім. Сонымен қоса оқу мотивациясы төмен оқушыларды да назардан тыс қалдырмау маңызды.Деңгейлік тапсырмалар бере отырып,реті келгенде «сенің ойыңша аталған тарихи оқиға керісінше болғанда қандай қоғам қалыптасар еді»деген сияқты сауалдар беріп отыру оқушының сыни ойлау қабілетін арттыра түседі.Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 10. Мен осы курстан алған білімімді ,әдіс-тәсілімді сабақтарда пайдалана отырып ,өз жұмысымда жетістікке жетіп,оқушыларымды білімнің асқар шыңдарынан көремін деп ойлаймын. Курста алған білімімді тәжірибемде қалай қолдандым ? Курс барысында алған білімімді, үйренген жеті модульді және әдіс-тәсілдерді мектептегі іс-тәжірибе кезінде пайдалана отырып қысқа мерзімді жоспар жасадым /қысқа мерзімді жоспарды дұрыс түзуді үйрендім/. 7бсыныбындағы «Қазақ хандығының құрылуы», «Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы» тақырыбындағы тізбектелген сабақтарымда мен жеті модульді ықпалдастырып кіргізуді басты назарда тұттым.Оқушыларға тапсырма бергенде жаңа тәсілдерді кіріктіріп ,олардың өз бетінше тапсырманы орындауына, ойларын еркін жеткізуге,шешім қабылдай білуіне барынша жағдай жасауға көңіл бөлдім. Сабақ барысында топқа біріктіргенде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып түрлі ойын элементтерін пайдаланып отырдым.Сыныпта әр сабағымда әр түрлі тренигтер ойындар өткізіп сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырып,оқушылардың бір-біріне сыйластық көзқарас пікірін қалыптастыруды басты орынға қойдым. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді тізбектелген сабақтар топтамасында әртүрлі тапсырмалар, рольдік ойындар, топтық сайыстар ұйымдастыру,жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы деңгейлік тапсырмалар пайдаландым. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта» Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді- қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Осы тұжырымдамаларды негізге ала отырып диалогтық оқу мен сыни тұрғыдан ойлау модульдеріне басымдық бердім.Себебі:сыни тұрғыдан ойлау оқушының ой қозғап, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естіген,білгенінталдап,салыстырып,реттеп,сұрыптап,жүйелеп,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,тұжырым жасауға бағыттайды. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жыйылған білім берушілердің еңбегі,ал бағдарламалның негізі-Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Шығыстың ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтсаң, мен күндердің бір күнінде оны ұмытып қаламын. Маған көрсетсең ол есімде қалады . Ал өзіме істетуге мүмкіндік берсең , ол өмір бойы менікі болады.» Бұдан шығатын қорытынды балалар берілген тақырып мазмұнын өздері ізденіп, өздері ашып,теледидар арқылы көргендерін, өз түсініктерін тәжірибсі арқылы рольмен жеткізеді. Бұл тақырыпты кейін де бір-біріне айтып, «Сен сонда мынаны сомдап едің ғой» деп бір-біріне қызықты естеліктерді айтып есінде сақталып қалады деп сенемін.Бала үшін ең қызықты нәрсе өз қолымен жасап рөлге кіріп ойнағаны екен.Бұл әдісті мен сергіту сәтінде қолданғаным сәтті шықты. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Қаншама материалдарды, дайын сабақтарды реттестіріп сақтауға мүмкіндігі зор. Екіншіден, компьютердің көмегімен мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігін,қызығушылығына қарай және сабақтың жоспары мен мақсатын міндетін назарда ұстай отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақ беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.Қазіргі таңда мұғалімнің басты көмекшісі- компьютер.Мен тізбектелген сабақтарымда да компьютерді пайдалана отырып сабағымды өттім. Жайғана көрсетіп қоймай жетекші сұрақтар қойып тұрдым «не көрдіңдер?көңілдеріңе не түйдіңдер?деп сұрап отырдым.Компьютер арқылы балалар тест тапсырмаларын орындады.Тесттің жауабы сол уақытта шығып отырды.Компьютер арқылы бала өз білімін тексере алады. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. Менің ойымша дарынды бала дегеніміз,қай жағынанда басқа балалардан қабілетімен ерекше болып тұратын бала.Дарынды бала үшін барлық пәндер бірдей ол барлығында ерекше ынта, ,жігермен,қызығушылықпен оқиды.Алайда кейбір балалардың дарындылық қабілеті көріне бермейді осындай кездерде мұғалім балаға сабақ барысында түрлі тапсырмалар бере отырып зерттеп аша білуі керек.Дарындылық қабілетінің кілтін таба білуі керек. ашуымен Оқушылар өңделмеген жақұт тас сияқты онымен көп жұмыс істеу қажет. Жұмыс істеген сайын жарқырап білімділігі арта түседі. Мен мектептегі іс-тәжірибе кезінде тізбектелген сабақтар топтамасында талантты және дарынды балаларды оқыту модулін әр сабағымда ықпалдастырып кіргізіп отырдым . 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру және оқыту әдісі қай сыныпқа барсаңда оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ең алдымен балаға шектен тыс тапсырма беріп, ойлау жүйесіне салмақ салып,баланың жасына лайылқты білім беріп ,оқушының пәнге қызығушылық қабілеттерін төмендетіп алмауға баса назар аудару қажет. 7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық Адамгершілігі мол мұғалімдер өздерінің айналасындағыларға әріптестері мен шәкірттеріне жақсы әсер қалдыру үшін ,көшбасшылық қасиетін әрқашан көрсете біледі.Бірінші,мектепте балаларға бағыт-бағдар беріп,ұйымдастырып,басқарып,қолпаштап, белсенділікке ынталандырушы-көшбасшы мұғалім. Екінші, сыныпта ұйымдастыру қабілеті бар,әркезде тапсырма бергенде өз қабілетін көрсете білетін ойы ұшқыр,тыяанақты, белсенді, топты басқаратын көшбасшы оқушы. Сабақтарыма талдау 1.Сындарлы оқытудың әдіс тәсілін меңгеріп бұрынғы сабақтарыма талдау жасай алатын болдым . Мен қалыптасқан тәртіп бойынша оқушыларды жеке парта бойынша қатармен отырғызып оқытудың өзі балалардың бойындағы жеке өзі үшін оқуын , ешкіммен пікір алмаспай , тек оқулықпен бойынша шектеліп отырған екенін ұқтым .Және балалар бір орыннан тұрмай отыруының өзі оқытуға кері әсер етеді екен. Топтық жұмыста бір-біріне бетпе-бет отырып жаңа тақырыпты өздері ашып,білгндер білмеген балаға үйретіп,ойларын еркін білдіріп,топтан көшбасшылар шығып,балаларға өз тапсырмаларын жүктеп біреуі хатшы,баяандамашы,уақыт белгілеуші болып топтық жұмыстар жүргізді.Сонымен бірге топтық жұмыс баланың мұғалім тапсырған жұмыстан ауытқуына жол бермейді, себебі оларға ортақ тапсырма беріледі басқа топтардан қалып кетпеуге тырысып үнемі белсене қатысады. Топта оқу бәсекелестігі пайда болып білімі тереңдей түседі. 2. Балалардың сабаққа қызығушылығы белсенділігі жоғарылады.Оны байқағаным: Үйге тапсырма бергенімде оқушылар кітапхадан,қосымша материалдар,интернеттен мәліметтер,тақырыпқа байланысты суреттерді шығарып келіп материал жинауға үйренді.Бұдан түйгенім оқушы өзін-өзі реттеп, қалай оқу керектігін түсінді , сабақ құрылымын түсініп және жаңа сабақ кез келген тосын тапсырмаларға дайын болуы керек екенін ұғына бастады. 3. Сыныпта бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін,кез келген мәселені бірге жеңуге болатынын ұғынды.Сыныпта кейбір оқушылар бір-бірімен жақсы тіл табеса алмасада, топта ол оқушылардың өзі тапсырманы орындағанда бірлесе жұмыс жүргізіп, жақсы қарым-қатынас жасады. 4.Топ болып бетпе-бет отыру балалардың бәрініңде ойын тапсырмадан бөлек бір арнаға тоғыстыруға көмектесті,тапсырмадан бөлек артық іс-қимылға , әңгімеге уақыттары да болмады., мен әр тапсырманы орындауға уақыт бергенімде олар сол уақытта бітіруге тырысты, бірігелесіп атсалысты. 5 . Балаларға сабақ барысында түрткі, сынама , қайта бағыттау сұрақтарын қою және топтардың бір-біріне қойған өзара сұрақтары арқылы диалог орнады. Оқушылалар диалог барысында пікірін дәлелдеуге,өз ойын жеткізуге тырысты,сұрақты дұрыс қоя біліп,дұрыс сөйлеп , ойын жинақтауға дағдыланды . 6. Сонымен топтық жұмыстың нәтежесінде оқушыларымның алға жылжуын байқадым. 7.Сабақта балаларға диалог арқылы сыни ойлауға дағдыландыру үшін «Неге олай деп ойладыңдар?», «Осындай қортындыға не себепті тоқтадыңдар?» және «Бұны немен дәлелдей аласыңдар?»деген сұрақтарды жиірек қойып тұрдым.Осы арқылы балалардың терең ойлануына түрткі болды. Яғни балалар «себебі біз былай деп ойлаймыз»деген өз пікірлерін дәлелдеп беріп отырды. 8. Бұрын мен сабақ жоспарын тек қана өзіме ыңғайлы етіп жасайтынмын осы модульдерді оқығаннан кейін ең бірінші балалардың қызығушылығын, «оқушы үніне» көңіл бөле отырып нені ұнататынын байқай отырып жоспар жасадым. Яғни мұғалімнің білімі қаншалықты жоғары блғаныменде баланың қалауынша білім беріп,қызықтыра алмаса пайдасы жоқ екенін түсіндім. 9. «Оқу пирамидасы»бойынша сабақ барысында балалардың топтық,жұптық, өзара бірін-бірі оқытуы алған ақпаратты сақтауының 90 пайызын естерінде сақтайды екен. Яғни мен осыны ескере отырып топтық,жұптық тапсырмаларды алдағы сабақтарымда пайдалануым керектігін түсіндім. Сабақ өту барысында мынадай кедергілерге кезіктім:
Алдағы уақытта сабақ барысында мыналарды ескеруім қажет деп ойлаймын: Сабақ жоспарын оқушыларға ыңғайлап жасау. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып,жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру, қолдану.АКТ мен жұмыс жасауды толық, жан-жақты меңгеру Оқу мотивациясы жоғары балаларға зерттеушілік,шығармашылық тапсырмалар беру. Алдағы уақытта жалпы іс-тәжрибеде мен қолданатын ұстанымдар: -Алдымен адамгершілік құндылықтарды ұмытпау.Себебі әр баланың өз «мені»оның адами құндылығының бір бөлшегі.Мен әр баланың «меніне»нұқсан келтірмеуім керек. -баланы жақсы көру, себебі; мұғалім баланы жақсы көрмей тұрып жанына жақын тарта алмайды.Ал бала мен мұғалімнің арасында моральдық бірлік пен психологиялық жақындық болмаса,ол сізден алған білімді тек теория түрінде меңгереді.Керісінше болған жағдайда оқушы сізден алған «білім»атты мұрасын өмір бойы естен шығармай өз өмірінде қолдана біледі. -жаңашылдыққа дағдыландыру.Жаһандану заманында өз ұрпақтарымыздың бәсекеге қабілетті,жаңаның жақсы жағын тани білуін қалаймыз. Қорыта келгенде,курсты аяқтау барысында мен өзіме деген сенімділіктің оянып,мамандығыма деген қызығушылығым еселене түсті.Дәстүрлі сабақтарымдағы бірізділіктен арылып,сабақты түрлендіре өтуге құлшынысым артты. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен құмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары,жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз. Жеті модульді сапалы қолдана алсақ,оқушыларымыз сыни ойлай алатын,білімге құштар,алған білімдерін талдап,жинақтап,практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтініміз сөзсіз.
|
...