Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың педагогикалық негізлдері
Автор: MukhievaGulmira • Февраль 6, 2018 • Курсовая работа • 12,997 Слов (52 Страниц) • 1,388 Просмотры
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі жаһандану дәуірінде қоғамның дамуы ақпараттану үрдісмен сипатталады. Ақпараттық қоғамның негізгі басымды бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды жүйелі пайдалану және интеграциялау үрдісі, білім беру мен басқару тиімділігін арттыру үшін ғылыми – әдістемелік материалдарды пайдалану болып табылады.
Компьютерлік технологияны, ақпараттық технологияны пайдаланудың жаңа сапалық деңгейіне өту оқушылардың танымдық белсенділігінің, қызығушылығының тиімділігін арттырудың жаңа жолдары мен құралдарын іздеу - осы бағытта дәстүрлі білім беру құралдарымен, жолдарымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану басымды бағыт екенін көрсету. Әсіресе компьютерді кәсіптік білім беру үрдісінің оқу-тәрбие ісіне енгізу мәселесіне ерекше мән берілуі керек. Өйткені оқушының өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырудың түрлі формалары пайда болуда. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Мемлекетіміздің болашағы –жастар оларға талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – біздің негізгі мәселеміз. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті.
Олай болса, біздің педагогикалық зерттеу жұмысымызда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласы мен білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіндегі, олардың кәсіби білім алуындағы замануи зерттеулерге талдаулар жасауды орынды көрдік.Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми зерттеулер И.Г.Захаровтың, А.А.Кузнецовтың, И.В.Роберттің, Т.О.Балықбаевтың, В.М.Монаховтың, С.Кариевтің, В.И.Пугачтің, Қ.С.Әбиевтің, Е.Ы.Бидайбековтің, К.М.Беркімбаевтің, Г.Т.Жангисинаның, С.А.Исаевтың, М.Мәлібекованың және т.б. еңбектерінде субъектінің танымдық операцияларды басқару үдерісіне, кәсіби оқу орындары пәндерінің оқыту мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту формалары, функциялары, ақпараттық-коммуникациялық құралдардың психологиялық - педагогикалық сипатының жаңа құрылымдарының пайда болуы терең қарастырылғаны анықталды.
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесін педагогикалық зерттеу отандық Е.Ы.Бидайбеков, Е.Ө.Медеуов, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, С.Кариев, Қ.С.Әбиев, Б.Қ.Нақысбеков, Б.Бөрібаев, С.М.Кеңесбаев, М.А.Бектемесов, Ж.Нұрбекова, А.Е.Сағымбаева, К.З.Халықова, Н.А.Талпақов, Т.Хакімова, Ш.Т.Шекербекова және т.б. сынды ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылғаны мәлім болды.
Білім беру жүйесінің қай саласы болмасын ақпараттық коммуникациялық технологияны кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда, информатиканы меңгеруде оқушыларға ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білулеріне, студенттердің бәсекеге қабілеттілігін психологиялық-педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету қажеттілігі мен олардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану біліктілігінің деңгейін әлі де болса жетілдіру қажеттілігін анықтап негіздеуге «Ақпараттық-коммуникациялық технология құралының педагогикалық негіздері» деген тақырыпты таңдауыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологияны кәсіптік білім берудің оқу үдерісінде білім алушыларды замануи құралдарға үйретудің педагогикалық және әдістемелік негізін айқындау мен оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің нысаны: Кәсіптік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық курсының оқу үрдісі.
Зерттеудің пәні: Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу пәні сабақтарының оқыту мазмұны.
Зерттеудің болжамы: колледж білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технология курсы бойынша білімі мен білігі тиімді қалыптасады, егер:
...