Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Озық педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі

Автор:   •  Октябрь 4, 2018  •  Лекция  •  3,105 Слов (13 Страниц)  •  763 Просмотры

Страница 1 из 13

Жамбыл облысы, Талас ауданы

 Әкімдігінің білім бөлімінің

 «М.Әуезов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік

 мекемесі география пәнінің

 мұғалімі  Дана Илешова

                                                 

                                                  Баяндама:

Озық педагогикалық технологияларды қолданудың тиімділігі.

Мақсатым:

  • Оқушылардың өзіндік талдау жасап, ой қорытуына дағдыландыру, жеке топтық жұмыстарда тапқырлық танытуға, ізденушілік қабілетін шыңдауға ұштау, алған білімдерін жүйелей білуге баулу.

Міндетім:

   

  • Озық педагогикалық технологиялардың  тиімді жолдарын пайдалану арқылы оқушының білімін тереңдету, тұжырым жасай білуге үйрету.
  • Баланы қызықтыра алатындай сабақ әдістерін пайдалана отырып, деңгейлік тапсырмаларды ұсыну.
  • Оқушы бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді жинақтай отырып, еліне, жеріне деген қамқорлығын арттыру.

Біле   бер,   қанша   білсең,                                                                                                                                                                                                                                                      тағы тіле,                                                                                                                                                                                                                       Жетерсің  мақсатыңа  біле – біле                                                                                                                                    Ж. Баласағұн.

    Бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат. Сондықтан олардың бойында жоғарғы идеялық адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оларды өмірге, еңбекке бейімдеу ұстаздардың басты міндеті. Жас ұрпаққа саналы, мән -мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Сондықтан әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып, озық іс - тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыруымыз қажет. Сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізетін, сыни тұрғыдан ойлай алатын, мәдениетті ұрпақ өсіруіміз керек.

     Қазіргі таңда Қазақстанда жаңашыл мұғалімдер күннен күнге көбеюде. Сондықтан да оқытудың мазмұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып - үйренудің оқу - жоспарлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Орыстың ұлы классик-педагогы К.Д.Ушинский:

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, іздену тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - дейді. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Сондықтан да мен өз іс-тәжірибеме сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін енгіздім.

         «Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

° релеванттық ақпараттар жинауды;

° дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

° кепілдендірілген шешімдер;

° ауқымды тәжірибенің негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды ».

            Сыни ойлау дегеніміз - әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, қорытып, зерттеп өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау-жеке ойлау, өзіндік ойлау болып табылады. Сыни ойлау - сұрақтар қоя отырып, оларға үнемі жауап іздеу, мәселені анықтау, сол мәселеге байланысты өз пікірін білдіру, әр ойын дәлелдей алу жан-жақты зерттей білу. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, оқушылар болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы үш кезеңдерден тұрады:

...

Скачать:   txt (26.5 Kb)   pdf (183 Kb)   docx (27 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club