Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан білім алу, кредиттік оқу жүйесі туралы
Автор: eleonore • Февраль 5, 2022 • Эссе • 507 Слов (3 Страниц) • 356 Просмотры
11 - апта Үй тапсырмасы:
Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан білім алу, кредиттік оқу жүйесі туралы
Мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алып жатқан студентпын. Университетке орта білімді бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуінен сәйкес балл жинап, қалаған мамандығыма түстім. Бір оқу жылы 30 аптаны құрайды, 7 апта - бірінші межелік бақылау аптасы, ал 15 апта - екінші межелік бақылау аптасы. 16, 17, және 18 апталар емтихан сессиясы өткізілетін апта болып саналады. Егер оқу кезіндегі үлгеріміңіз нашар болса, 6 апталық жазғы семестрбасталады. Мен ақысыз негізде білім аламын, бірақ ақылы оқитын студенттер белгілі тәртіпке бағына, оқу ақысын төлеуге міндетті. Егер сіз ауыстыру балының ең төменгі мөлшерін ала алмасаңыз, сіз қайта оқу курсына қаласыз. Сонымен қатар, біздің университетте қалаған мамандықта бакалавриатқа қол жеткізу мүмкіндігі де бар.
Қашықтықтан оқыту қазіргі күнде ыңғайлы әрі тиімді оқу жүйесіне айналып, ерекше даму аясына кірді. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқытудың нормативтік-құқықтық негізінде ұйымдастырылады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыра отыра, белгілі методикалар мен технологияларға жүгінеді. Мемлекетімізде пандемияға байланысты жағдай орнауымен, дәстүрлі оқыту жүйесінде білім алған және оқуға жаңа түскен студенттер қашықтықтан оқу жүйесіне көшті. Университеттің қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу үдерісінде тәжірибесі бар болғандықтан, туындаған жағдай білім саласына кедергі келтірмеді. Қашықтықтан оқу техникалық, кәсіптік және жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын, мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек-балаларға, мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға, шетелдік сапарда немесе мемлекеттен тыс шарттардағы оқушыларға қатысты болды. Университет өзінің жеке сайты арқылы студенттермен кері байланыс жүргізеді. Оқу үдерісі бейне сабақтар мен қоңыраулар, электронды ресурстар мен онлайн байланыс арқылы жүзеге асады. Ұстаздар сабақты онлайн түрде, бейне конференция негізінде өткізеді, айта кететін жайт, конференцияның мүмкіндіктері толыққанды дәріс өткізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға арналған тапсырмалар платформаға жүктеліп, оқушыларға қол жетімді болады. Білім алушы еUniver білім беру порталы, электрондық пошта, форумдар, мессенджерлер және т.б. арқылы ұстазбен байланысты ұстауы тиіс. Берілген уақытта студент тапсырманы орындап, еUniver порталында орындалған тапсырмаларын орналастыруға міндетті. Тексеру де тұрақты ереже тараптарына бағынады, оқушы бағасын сайттан көре алады. Әр ұстаздың жеке тәсіліне байланысты, белгілі мерзімдерде оқушылар ауызша түрде емтихандар мен тексерістерді тапсырады, сонымен қатар, тапсырамалар бейне түрінде де орындалуына сұраныс болады. Студент өз тарапынан белгілі шарт-ережелерді бұзса, мысалы, сабаққа қатыспаса не тапсырмаларды орындамаса, сәйкесінше жазаланады. Жалпы қорытындылай қарасақ, барлық ережелер мен зандылықтар сақталады, тек онлайн түрде іске асырылады.
...