Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Интернет арқылы білім алу мүмкіндігінің артуының әлеуметтік мобильділіке әсері

Автор:   •  Апрель 29, 2022  •  Эссе  •  699 Слов (3 Страниц)  •  602 Просмотры

Страница 1 из 3

        

Эссе

Тақырыбы: Интернет арқылы білім алу мүмкіндігінің артуының әлеуметтік мобильділіке әсері

Алматы 2021

Интернет арқылы білім алу мүмкіндігінің артуының әлеуметтік мобильділіке әсері

     Бүгінгі таңда технологияның әлемнің көптеген елдерінде кең таралғандығы баршамызға мәлім. Технология теңсіздікті күшейтіп, жастардың "бар" және "жоқ" болып бөлінуіне әкеліп соқтырады деп ойлаймын. Заманауи технологиялар әрқайсысымыздың өмірімізді жеңілдетіп жатқандығын жоққа шығара алмаймыз. Интернеттің көмегімен біз жырақтағы жақын адамдарымызбен сөйлесе аламыз, аз ғана уақыт ішінде үлкен көлемде ақпарат таба аламыз, тіпті интернеттің көмегімен сауда жасап, төлемдерді де жүзеге асырып жатырмыз, сонымен қатар бизнес-идеяларды да табуға болады. Пайдасы деп ойластыра берсек бірінен соң бірін тауып айта береміз. Дегенмен мұндай ақпараттық технологиялар білімге жақсы әсер етеді деп айта алмаймын. Интернеттің білім беру саласындағы бірден бір артықшылығы  қажетті кітаптарды, ақпаратты, деректі бейнелерді және ғылыми мақалаларды іздеуде таптырмас көмекші.

     Десек те интернет оқушылар мен студенттердің өміріне өте берік енген жағдайда кері ықпалы көп десем қателеспеймін. Айта кетсем, оқушылар оқытушыларымен аз байланыста болады. Белгілі бір тапсырмалар, мұғалімнен сұралатын ақыл кеңестер осы тәрізді көптеген жағдайларды мұғаліммен онлайн түрде шешу біздер үшін айтарлықтай көп пайда бере қоймайды.

     Оқушылар мен студенттердің интернет желісін білікті деңгейде пайдалануы мұғалімдер үшін едәуір кері әсер етеді. Нақтырақ айтсам студенттердің белгілі бір салада жиі жаңа ақпарат алуы және мұғалім айтатын соңғы ақпаратты беретін ақпарат көзінің дәл еместігін, сәйкессіздігін көрсете алады. Бұл мектептер мен жоғары оқу орындарындағы мұғалімдердің беделінің айтарлықтай төмендеуіне, оқушылардың мұғалімдерге деген құрметсіздігіне әкеледі. Шынында да, Студенттердің көпшілігі мұғалім ұсынған материалдан қате тапқаннан кейін, олар интернеттен алынған бір факт емес, жүйеленген білім екенін түсінбестен, оған мұқият қарай алады деп ойлайды.

     Интернет арқылы білім алудың жастардың әлеуметтік мобильділігіне де тигізер кері ықпалы бар. Біріншіден, өмір сүру жасының қысқаруы деп айтқым келеді. Негізінен компьютерлер мен смартфондардан таралатын ультра күлгін сәулелердің адам денсаулығына кері әсер ететінін бәріміз білеміз және ғалымдар да мұны дәлелдеген. Жасымызға жетпей көру қабілетіміздің нашарлауы, омыртқамыздың қисайып тозуы, оған қоса жүйкеміздің жұқаруы әке-шешеміз бен, ата-әжелеріміздің жасына жеткізбесі мәлім. Жапон және ағылшын дәрігерлері олардың пациенттерінің арасында есте сақтау қабілетінің бұзылуына шағымдардың саны артты деп дабыл қақты.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (73.4 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club